“Қауіпсіз интернет еліне саяхат” тақырыбында ашық сынып сағаты өткізілді. » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Қауіпсіз интернет еліне саяхат” тақырыбында ашық сынып сағаты өткізілді.
16
апрель
2021

“Қауіпсіз интернет еліне саяхат” тақырыбында ашық сынып сағаты өткізілді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 4 сәуір – Халықаралық интернет күніне орай дәстүрлі түрде ұйымдастырылып жүрген “Қауіпсіз интернет” кампаниясын өткізуді ұсынды.
Кампанияның мақсаты: кәмелетке толмағандардың ортасында интернет ресурстарды қолдану мәдениетін қалыптастыру, балалардың Интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты Интернет – қызметтерде ересек қолданушылардың жауапкершілігін жоғарылату үшін білім беру ұйымдарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
№178 мамандандырылған лицейде “Қауіпсіз интернет” іс-шарасы аясында 5-11 сыныптар арасында “Әлеуметтік желілердің оқушылардың денсаулығына кері әсері” тақырыбында лицей медбикесі Әлайдарова Әсел түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Информатика пәні мұғалімдері Б.Досымова мен А.Биримкуловалар “Қауіпсіз интернет еліне саяхат” тақырыбында ашық сынып сағатын өткізді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: