“Педагог,музыкатанушы Жұбанов Ахмет Қуанұлының 115 жылдық” мерей тойына орай дөңгелек үстел ұйымдастырылды » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Педагог,музыкатанушы Жұбанов Ахмет Қуанұлының 115 жылдық” мерей тойына орай дөңгелек үстел ұйымдастырылды
15
апрель
2021

“Педагог,музыкатанушы Жұбанов Ахмет Қуанұлының 115 жылдық” мерей тойына орай дөңгелек үстел ұйымдастырылды

2021 жылдың 15 сәуір күні №178 мамандандырылған лицейде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық іс-шарасы аясында, музыка пәні мұғалімі Асанова Гүлшат Рамазанқызы “Педагог,музыкатанушы Жұбанов Ахмет Қуанұлының 115 жылдық” мерей тойына орай, 5-10 сыныптар арасында онлайн форматта дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Дөңгелек үстелдің мақсаты: Ахмет Жұбановтың өмірі мен шығармашылығын келешек жас ұрпаққа дәріптеу, музыкатану ғылымында баға жетпес еңбектерімен таныстыру .
 Жұбанов Ахмет Қуанұлы қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дерижёр. Қазақстанның халық әртісі, өнертану ғылымының докторы , профессор , академик. Дөңгелек үстелде Жұбанов Ахмет Қуанұлынының қазіргі таңда шығармашылығын зерттеп жүрген өнертанушы, М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, Музыкатану бөлімінің меңгерушісі, өнертану кандидаты Қазтуғанова Айнұр Жасағанбергенқызы қонақта болды.
Сонымен қатар, Жұбанов Ахмет Қуанұлынының ән- күйлерін қазақ радиосында насихаттап жүрген, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, радиожурналист, қазақ радиосының Әнуарбек Байжанбаев атындағы сыйлығының лауреаты Жылбек Сенбекұлыда қонақта болды.
Оқушылар Жұбанов Ахмет Қуанұлы туралы өз ойларында жүрген сұрақтар қойып, тұшымды жауаптар алды. Дөңгелек үстел жоғары дәрежеде өткізілді.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: