Лицейішілік «Жас маман-2021» байқауы өтті » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Лицейішілік «Жас маман-2021» байқауы өтті
27
март
2021

Лицейішілік «Жас маман-2021» байқауы өтті

Жас маманның кәсіби қабілетіне және құзыреттілігіне байланысты жаңашыл ұстаз дағдыланады. Ал жаңашыл ұстаз – ол заман талабы. Заман талабының негізгі мақсаты: еліміздің өркендеп, беделді елдермен терезесін теңестіру. Бұл мақсаттың жүзеге асып, өз жемісін көру үшін жастар аянбай еңбек ету қажет. Себебі жастар – Қазақстанның болашағы.Осыған орай 27 наурыз күні лицейішілік «Жас маман-2021» байқауы өтті.
Байқау үш кезеңнен өтті.
1) «Ақылды сабақ» бейнесабақтарын ұсыну;
2) «Мамандығым мақтанышым» жетістіктерін презентация арқылы көрсету;
3) «Өнерлінің өрісі кең» (өнерлерін көрсету).
Қорытындысында «Жас маман 2021» байқауының жеңімпазы физика пәнінің мұғалімі Орынқұл Илтифат Саятдинқызы, ағылшын пәнінің мұғалімі Бисақал Жанна Нұрланқызы мен химия пәнінің мұғалімі Тәліп Марал жүлделі ІІ орынға, ал ағылшын пәнінің мұғалімі Матибаева Азина Абаиевна мен физика пәнінің мұғалімдері Ікрам Дәулетбек пен Құрманжан ІІI орын иеленді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: