"Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!" тақырыбында сынып сағаттары өтті » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!" тақырыбында сынып сағаттары өтті
16
март
2021

"Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!" тақырыбында сынып сағаттары өтті

22 Наурыз – Ұлыстың ұлы күнi. Бұл күнi күн мен түн теңеледi. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейдi, жаңарады. Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезiп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды. Самарқанның көк тасы ерiп, қасиеттi қара жер, қара топырақ бусанады. Ұлан-байтақ Қазақстанның халқы жетi түрлi дәмнен наурызкөже жасап, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды сақтап, ай бойы Ұлыстың Ұлы күнiн тойлайды. Оқушыларға мейрамның тарихи маңызын түсіндіру, ата-бабамыздың жалғасып келе жатқан ұлттық тәрбиесі туралы түсінік беру, өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында №178 мамандандырылған лицейдің 5-11 сыныптарында 16 наурыз күні "Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!" тақырыбында сынып сағаттары өтті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: