"Өмір – тәжірибелі ұстаз" тақырыбында пікірталас өткізілді » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Өмір – тәжірибелі ұстаз" тақырыбында пікірталас өткізілді
20
ноябрь
2020

"Өмір – тәжірибелі ұстаз" тақырыбында пікірталас өткізілді

№ 178 лицейдің педагог-психологы Асилова Шолпан Сәрсенқызы 8 "А" және 8 "Ә" сыныптарымен "Өмір – тәжірибелі ұстаз" тақырыбында пікірталас өткізді.
Пікірталастың мақсаты: оқушыларға өмір адам баласына бір-ақ рет берілетін қымбат сый екенін түсіндіру, балалардың ойын ашу, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру, сондай-ақ оларға адам бойында болатын асыл қасиеттерді, адамгершілік, мейірімділік сезімдерді дамыту. 
Екі сынып арасында оқушылар төмендегі мақал-мәтелдерге байланысты, өмір қағидаларына байланысты өз көзқарастары мен пікірлерімен бөлісті:
 Өмір – үлкен мектеп 
 Өмірде із қалдыру балалықтан басталады 
 Өмірге риза болып, алғыс айт 
 Өмір өтер, жас өсер 
Қорытындылай келе, «Абайдан айтылмаған сөз қалмады» дегендей, адам  баласының өміріне керекті ақыл мен ойды Абай сөздері мен өлеңдерінен табуға болады. Өмірде кездесіп жататын кез келген құбылысқа, оқиғаға Абай сөзімен мысал келтіруге болады, оған дәлел Абайдың 41 қара сөзінде өмір қағидалары толық қамтылған десек артық емес.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: