«Baytaq El» республикалық қашықтық олимпиадасы » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Baytaq El» республикалық қашықтық олимпиадасы
12
январь
2021

«Baytaq El» республикалық қашықтық олимпиадасы

2020 жылғы 22 желтоқсанда 9-11 сынып оқушыларына арналған экологиядан «Baytaq El» республикалық қашықтық олимпиадасы өткізілді. Олимпиаданың басты мақсаты – оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттыру, экология саласындағы заманауи процестер туралы түсініктерін кеңейту, қоршаған ортаның, жануарлар дүниесінің, денсаулық жағдайын жақсарту туралы танымдық қызығушылықтарын ынталандыру. Экологияның негіздерін зерттеу қазіргі заманғы әрбір адам үшін өмір қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және оның сапасын жақсартудың қажетті шарты болып табылады. Осы олимпиадаға №178 лицейдің 9-11 сынып оқушылары белсене қатысып, экологиялық тақырыпта қазіргі заманғы экология іргелі білімнің (жалпы экология, геоэкология, адам экологиясы, жаһандық экология.), сондай-ақ қолданбалы (табиғатты қорғау, табиғатты пайдалану, медициналық экология, өнеркәсіптік экология) әртүрлі салаларын қамтыған 30 сұрақты тестілеуді екі астрономиялық сағатта орындап, олимпиада қорытындысы бойынша І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Дарын» РҒПО дипломдарымен марапатталды. Шәкірттерімізге шығармашылық табыстар тілейміз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: