"Қысқа мерзімді жоспарлаудағы қалыптастырушы бағалауды жүргізудің әдiс-тәсiлдерi" тақырыбында аудандық онлайн семинар өтті » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Қысқа мерзімді жоспарлаудағы қалыптастырушы бағалауды жүргізудің әдiс-тәсiлдерi" тақырыбында аудандық онлайн семинар өтті
14
ноябрь
2020

"Қысқа мерзімді жоспарлаудағы қалыптастырушы бағалауды жүргізудің әдiс-тәсiлдерi" тақырыбында аудандық онлайн семинар өтті

2020 жылдың 13 қараша күні Алматы қаласы Алатау ауданының №178 лицейінің ұйымдастыруымен "Қысқа мерзімді  жоспарлаудағы қалыптастырушы бағалауды жүргізудің әдiс-тәсiлдерi" тақырыбында аудандық онлайн семинар өтті. Семинарда «Педагогикалық шеберлік орталығының» Алматы қаласы филиалы менеджерлері және №178 лицей ұстаздары тәжірибелерімен бөлісті.
Семинардың мақсаты: қысқа мерзімді  жоспарлаудағы қалыптастырушы бағалауды жүргізудің тиімді әдiс-тәсiлдерiн анықтау және тарату.
Семинардың міндеттері: Алатау  ауданы мектептерінде қашықтықтан оқыту барысында қысқа мерзімді  жоспарлаудағы қалыптастырушы бағалауды жүргізудің әдiс-тәсiлдерi бойынша педагогтердің тәжірибе алмасу диалогтік алаңын ұйымдастыру;
Семинарға Алатау ауданының жалпы орта білім беретін мектептерінің мұғалімдері қатысты.
Алғы сөзді №178 лицей директоры К.Х. Шадиев алып, семинарға келген қатысушыларға өздеріне керекті тың ақпаратты алатынына сенім білдіріп, мектеп мұғалімдерінің жұмыстарына сәттілік тіледі. Семинар барысында №178 лицей директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.А. Даулетбаеваның "Қашықтық жағдайдағы қысқа мерзімді жоспарлауға қойылатын талаптар» туралы  және Педагогикалық шеберлік орталығының аға менеджерлері Б.Сейфуллақызы мен Қ.Ж.Кожариянованың "Қалыптастырушы бағалау арқылы оқуды жақсарту","PISA тапсырмаларын оқу мақсатына сәйкес сабақ жоспарына кіріктіру" тақырыбындағы   баяндамалары тыңдалып, бірлескен талқылау барысында қысқа мерзімді   жоспарлаудағы қалыптастырушы бағалауды жүргізудің тиімді әдiс-тәсiлдерi туралы сөз қозғалып, ұсыныстар талқыланды.
Практикалық бөлімінде №178 лицейдің Рақыметхан Памер мен  Орынқұл Илтефат сынды білікті ұстаздары "Padlet- онлайн тақтасы" және "WEB 2.0 технологиясы педагогтердің біліктілігін арттырудағы ақпараттық құзыреттілігін дамыту құралы" тақырыбында  өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңында Гугл форма сілтемесі арқылы кері байланыс жүргізілді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: