Лицей директоры К.Х. Шадиевтің құттықтауы » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Лицей директоры К.Х. Шадиевтің құттықтауы
23
май
2020

Лицей директоры К.Х. Шадиевтің құттықтауы

       Құрметті, ұлағатты ұстаздар мен дарынды да талантты оқушылар және ардақты ата-аналар!
    Өздеріңізге мәлім, 2019-2020 оқу жылының IV тоқсанында елімізде карантин режимі жарияланып, қашықтан оқыту жүйесіне ауысқан болатын. Сол себепті биылғы оқу жылының соңғы қоңырау салтанаты жылдағыдай дәстүрде өткізілмейді. Бұл мемлекет тарапынан халықтың, яғни сіз бен біздің амандығымыз үшін, денсаулықты сақтау мақсатында жасалып отырған мәжбүрлі шара.
   2019-2020 оқу жылының аяқталуына санаулы күндер қалды. Баршаларыңызды биылғы оқу жылының табысты аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – баршамыздың бірге атқарған табысты да жүйелі жұмысымыз. Осындай бірлескен жұмысымыздың арқасында талантты да дарынды оқушыларымыз қала, республика және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жоба жарыстарында топ жарып, жоғарғы жетістіктерге қол жеткізді. Сонымен қатар, атаулы мерекелерге арналған шығармашылық, өнер, түрлі спорттық бағыттар бойынша оқушыларымыз сынға түсіп, жеңіс тұғырына көтерілді. Тағы бір қуанышымыз, 11 сыныптың 57 оқушысы "Алтын белгі" иегері атанып отыр. Осының барлығы біздің ұжым үшін үлкен абырой, мақтаныш екені сөзсіз.
      Алтын ұяларынан ұшып, болашаққа нық қадам басатын әрбір түлек үшін соңғы қоңырау үні әсерлі, көңілге қуаныш пен қимастық сезімін ұялататын мереке. Құрметті, жалындаған жас түлектер! Өнегелі өмірде өз орындарыңызды табуларыңызға шын жүректен тілектеспіз. Ұлағатты ұстаздардан алған білімдеріңіз бен тәрбиелеріңіз өмір айдынында өз септігін тигізіп, дұрыс жолға бағыттайды деп, зор сеніммен айтамыз. Жолдарыңыз ашық болсын! Ақ жол, сәт сапар, жас түлек!
     Құрметті, ұлағатты ұстаздар! Сіздер, еліміздің тұтқасын, туын биік тұғырда ұстайтын саналы да, сапалы, рухты ұрпақты тәрбиелеп жатырсыздар. Алтын уақыттарыңызды аямай, бала бойына жақсы қасиеттер мен саналы тәрбие беру арқылы жасаған жұмыстарыңыздың жемісін көре беріңіздер. Еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға бақыт, дендеріңізге саулық тілеймін.
      Құрметті, ардақты да, аяулы ата-аналар! Бар байлықтарыңыз, болмысы ерекше, дарынды да талантты балаларыңыздың дендері сау, білімді, ұлағатты ұрпақ болып өсуіне тілектеспіз! Аспанымыз ашық, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: