Последние публикации на сайте » Страница 20 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Последние публикации на сайте » Страница 20
Химия пәнінің мұғалімдері Бақытжан Нұргүл  мен Тәліп Маралдың ұйымдастыруымен "Көңілді үзіліс» атты сайысы
21
февраль
2024
Химия пәнінің мұғалімдері Бақытжан Нұргүл мен Тәліп Маралдың
     №178 мамандандырылған лицейде химия пәнінің мұғалімдері Бақытжан Нұргүл  мен Тәліп Маралдың ұйымдастыруымен "Көңілді үзіліс» атты сайыс өтті. Сайыстың мақсаты: оқушылардың өзара сенімділігін, қарым-қатынасын, ұйымшылдығын арттыру.. Көңілді үзілісті дәйекті, сапалы өтуін қамтамасыз ете отырып, оқушылардың алған білімдерінің көлемін кеңейту.  Лицейдегі үзіліс–оқушылардың сабақ үстінде алатын білімі мен тәрбиесін жалғастырудың ажырамас бір кезеңі, Оқушылардың лицейде өткізетін уақытының
Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың құрметіне арналған олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды
21
февраль
2024
Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың құрметіне арналған олимпиаданың
      Академик, профессор, ғалым — Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына орай "Ғылымның биік бәйтерегі — Қаныш Сәтбаев" тақырыбында математика пәнінен 8-9 сыныптар арасында олимпиада өткізілді.  Олимпиаданы Қаныш Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың академиялық істер жөніндегі проректоры, басқарма мүшесі — Жәутіков Бақыт Ахатұлы оқушыларымызға арнайы  қолдау көрсетті. Ал, лицей әкімшілігі жеңімпаз және жүлдегер атанған оқушыларға мадақтамалар мен медалдарды табыс етті.  Олимпиаданың
"KIMEP" университетімен кәсіби бағдар беру бойынша кездесу өтті
20
февраль
2024
"KIMEP" университетімен кәсіби бағдар беру бойынша кездесу өтті
     Қаламыздағы жоғары оқу орындарының бірі — "KIMEP" университетінің кәсіби бағдар беру бойынша маманы лицеймізге арнайы келіп, 10-11 сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, толықтай ақпарат беріп кетті. Сондай-ақ үздік сұрақтарға жауап берген оқушыларға университет атынан  сыйлықтарды табыс етті.
"Көкөністердің ағзамызға тигізетін пайдасы"
20
февраль
2024
"Көкөністердің ағзамызға тигізетін пайдасы"
2024 жылдың 20 ақпан күні «Салауатты тамақтану мектебі» білім беру бағдарламасы аясында 7-сыныптар "Көкөністердің ағзамызға тигізетін пайдасы" тақырыбында шығарма жазды.  Мақсаты: көкөністердің пайдасы туралы ақпарат беру, сонымен қатар негізгі назар тамақтанудың әртүрлілігіне, тепе-теңдігіне және денсаулықты сақтау үшін көкөністерді, жемістерді, ақуыздарды, көмірсулар мен майларды дұрыс пайдаланудың маңыздылығына бағытталған.
Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдық мерейтойына орай 7-11 сынып оқушыларына сынып сағаттары өткізілді
20
февраль
2024
Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдық мерейтойына орай 7-11 сынып
      Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдық мерейтойына орай 7-11 сынып оқушыларына сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: Құрманғазы Сағырбайұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы білім беру; күй тыңдау барысында балалардың музыканы ести білу, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру; Құрманғазы күйлерінің тәрбиелік мәні жайлы әңгімелей отырып, ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу. 
Ғылымның биік бәйтерегі — Қаныш Имантайұлы Сәтбаевқа құрмет!!!
19
февраль
2024
Ғылымның биік бәйтерегі — Қаныш Имантайұлы Сәтбаевқа құрмет!!!
      Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Зерттеу Университеті мен №178 мамандандырылған лицей әкімшілігі, Қазақ КСР академиясының академигі, профессор — Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына орай "Ғылымның биік бәйтерегі — Қаныш Сәтбаев" тақырыбында математика пәні бойынша 8-9 сыныптар арасында олимпиада өткізді. Олимпиаданың өтуіне аталған университеттің ректордың академиялық істер жөніндегі І проректоры,  басқарма мүшесі — Жәутіков Бақыт Ахатұлы қолдау көрсетіп, мұрындық болды.
7-сынып оқушысы Бақыт Айерке М.Мақатаев оқуларының жүлдегері
19
февраль
2024
7-сынып оқушысы Бақыт Айерке М.Мақатаев оқуларының жүлдегері
      Алматы қаласы Білім басқармасының "Алматы дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен жалпы орта білім беру ұйымдарының 7-11 сынып оқушылары арасында республикалық М.Мақатаев оқуларының аудандық кезеңі өтті. Байқауға "Жыр эстафетасы" номинациясы (поэмаларды жатқа оқу) бойынша 7 "Б" сынып оқушысы Бақыт Айерке қатысып, жүлделі III орынды иеленді. Жарайсың! Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Советбек А.Б.