Материалы за Август 2024 года » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Орынбасар Арайлым «ШОКО ӘЛЕМ» атты кітап жарысының жеңімпазы
28
август
2024
Орынбасар Арайлым «ШОКО ӘЛЕМ» атты кітап жарысының жеңімпазы
     Нұрбавлиев Омарбек Көшкімбайұлы мен @astanakitap.books баспасы «ШОКО ӘЛЕМ» атты кітап жарысын ұйымдастырған болатын. Осы жарыста лицейіміздің 9 «Б» сынып оқушысы Орынбасар Арайлым әр өңірден қатысқан шәкірттер ішінде үздіктер қатарынан көрініп, жеңімпаз атанды. Әрі арнайы сыйлық пен диплом табысталды. Жарайсың, Арайлым! 
«Баланың басты ұстазы – ата-ана» тақырыбында ашық есік күні өтті
26
август
2024
«Баланың басты ұстазы – ата-ана» тақырыбында ашық есік күні өтті
     Тамыз айының 26-сы күні «Баланың басты ұстазы – ата-ана» тақырыбында лицей табалдырығын жаңа аттаған 5-7 сынып оқушылары мен ата-аналарына арналған ашық есік күні өткізілді. Шара барысында лицей директоры Кайратбек Хамзаханұлы Шадиев лицей туралы мәліметтермен  таныстыра келіп, ата-аналар мен оқушыларды жаңа қадамдарымен құттықтап, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, төмендегі мәселелер қаралды: «Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2024-2025 оқу жылындағы ерекшеліктері», ДОІЖО
Бейсенбекова Лайлим Калиевна «БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ» төсбелгісімен марапатталды
22
август
2024
Бейсенбекова Лайлим Калиевна «БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ»
    Лицейіміздің информатика пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Бейсенбекова Лайлим Калиевна «Білім» күнінің қарсаңында Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы ерекше еңбегі  үшін «БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ» төсбелгісімен марапатталды.  Осындай жоғары марапатты Лайлим Калиевна Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың қолынан алды.
Лицейіміз  «Үздік мамандандырылған мектеп - 2023» номинациясымен марапатталды
20
август
2024
Лицейіміз «Үздік мамандандырылған мектеп - 2023» номинациясымен
     Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңінде үздік нәтиже көрсеткені үшін лицейіміз  «Үздік мамандандырылған мектеп - 2023» номинациясымен марапатталды. Марапат құтты болсын! 
Физика пәнінің мұғалімі педагог-зерттеуші Раймбекова Кумисай Баяновна марапатталды
16
август
2024
Физика пәнінің мұғалімі педагог-зерттеуші Раймбекова Кумисай Баяновна
     №178 мамандандырылған лицейдің физика пәнінің мұғалімі педагог-зерттеуші Раймбекова Кумисай Баяновна Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін "Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісімен марапатталды. Құттықтаймыз! 
Әлкен Ерасыл ағылшын тілінен «Турция – 2024» V Халықаралық олимпиада жеңімпазы атанды
12
август
2024
Әлкен Ерасыл ағылшын тілінен «Турция – 2024» V Халықаралық олимпиада
     Шілде айының 7-8 күндері Стамбул қаласында ағылшын тілінен «Турция – 2024» V Халықаралық олимпиада өтті. Олимпиадаға 12 мемлекет қатысып, (Ресей, Турция, Әзербайджан, Армения, США, Египет, Өзбекистан, Словения, Франция, Аустрия, Велокобритания, Венгрия.) нәтижесінде 8 «Ғ» сынып оқушысы Әлкен Ерасыл I деңгей бойынша 1-орынды иеленді. Жарайсың! Бағындырар шыңдарың биік болсын! 
Бұл - еңбектің еленгені
12
август
2024
Бұл - еңбектің еленгені
     Лицейіміздің директоры Шадиев Кайратбек Хамзаханович Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы өткізген «ЦИФРЛАНДЫРУ – БҮГІНГІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢАША КӨЗҚАРАС ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІЛІК»  тақырыбында өткен мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметкерлерінің республикалық тамыз педагогикалық кеңесінде модератор ретінде өз тәжірибесімен бөліскені үшін «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының сертификат пен алғыс хат табыстаса,
Шәкірттерімізді халықаралық аренада жеткен жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!
12
август
2024
Шәкірттерімізді халықаралық аренада жеткен жетістіктерімен шын
     Калифорния, Лос Анджелес қаласында робототехника бойынша «2024 Robo Tourney International Championship» халықаралық чемпионаты өтті. Жарысқа 200-ден астам оқушы АҚШ, Канада, Мысыр, Қытай, Иордания, Оңтүстік Корея, Дубай, Ливия және әлемнің басқа бөліктерінен келген үміткерлер қатысты, оның ішінде Қазақстаннан келген екі команда да үздік нәтижелер көрсетті.      Алматы қаласының «RAI» және «124» командаларының робототехника бойынша құрама командасы бес елдің 70-тен астам қатысушыларының
STEM шарасы - TECH CUP X жарысында 11 "Г" сынып оқушысы  Байжұма Айзере "Халықаралық инженерлік-технологиялық университетіне" 4 жылдық грант ұтып алды.
12
август
2024
STEM шарасы - TECH CUP X жарысында 11 "Г" сынып оқушысы Байжұма
9-11 тамыз аралығында өткен осы жаздың ең ауқымды STEM шарасы - TECH CUP X жарысында біздің оқушымыз Байжұма Айзере "Халықаралық инженерлік-технологиялық университетіне" 4 жылдық грант ұтып алды. Жарайсың, Айзере! Алдыға қойған мақсаттарыңа жетіп, лицейіміздің абыройын асқақтата бер!