Материалы за Октябрь 2022 года » Страница 5 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Октябрь 2022 года » Страница 5
Лицейдің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы бақылау жүргізді.
14
октябрь
2022
Лицейдің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы бақылау
      2022 жылдың 14 қазан лицей асханасында лицейішілік ыстық тамақтың сапасын бақылау мақсатында, мониторинг комиссия мүшелерімен тексеру актісі жасалынды. Комиссия мүшелері: қамқоршылық кеңес мүшесі Кыдырманова Сандуғаш, лицейіміздің ДОІЖО Байтелиева Гульнар Ашимовна, ДТІЖО Кутумов Берік Нәбиұлымен бірлесе отырып мониторинг жүргізілді. Ас мәзірі бойынша дайындалған тағамдар және олардың дұрыс дайындалуы толықтай тексерілді. Асхана қызметкерлеріне қойылған талаптар бойынша құжаттары қаралды.
Президенттік олимпиадада республикаға жолдама алған жас дарын!
14
октябрь
2022
Президенттік олимпиадада республикаға жолдама алған жас дарын!
   ⚜️2022-2023 оқу жылында жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың қалалық кезеңі өз мәресіне жетіп, қорытындысы жарияланды.  🎊Нәтиже бойынша №178 мамандандырылған лицейдің 11-сынып оқушысы Дубек Нұржайна  І орынды жеңіп алып, республикалық кезеңге жолдама алды.  Жалынды, талантты оқушымыздың жеткен жетістігі құтты болсын!
«Сыбайлас жемқорлық –  ғасыр дерті »  тақырыбында пікір сайыс өткізілді.
12
октябрь
2022
«Сыбайлас жемқорлық – ғасыр дерті » тақырыбында пікір сайыс
     №178 мамандандырылған лицейде әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Н.Кутумов 9-сынып оқушыларына «Сыбайлас – ғасыр дерті » тақырыбында пікір сайыс өткізді. Мақсаты: оқушыларға “Сыбайлас - жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және
6-9 сынып оқушыларына «Әкеге қарап, ұл өсер» тақырыбында  жиналыс өткізілді.
12
октябрь
2022
6-9 сынып оқушыларына «Әкеге қарап, ұл өсер» тақырыбында жиналыс
      №178 мамандандырылған лицейде 6-9 оқушыларына директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Н.Кутумов пен АӘ және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі Б.А. Курмансейітов «Әкеге қарап, ұл өсер» тақырыбында жиналыс өткізді. Мақсаты: оқушыларға әкенің отбасында және бала өмірінде алатын орны туралы түсіндіру. Баланың әкеге деген ыстық ықыласын , ой – өрісін дамыту. Адалдық, мейірімділік және ізгілік қасиеттерін арттыра отырып тәрбиелеу.
«Өз жүрегіңмен жылыту» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
11
октябрь
2022
«Өз жүрегіңмен жылыту» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
     №178 мамандандырылған лицейде 1қазан - Қарттар күніне орай 6-11 сынып оқушыларына «Өз жүрегіңмен жылыту» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
№178 мамандандырылған лицей кітапханасында Мұхтар Шахановтың 80 жылдық мерейтойына арналған тәрбие сағаты өтті.
11
октябрь
2022
№178 мамандандырылған лицей кітапханасында Мұхтар Шахановтың 80
№178 мамандандырылған лицей кітапханасында Мұхтар Шахановтың 80 жылдық мерейтойына арналған тәрбие сағаты өтті. Мақсаты:  қазақтың аса көрнекті ақыны Мұхтар Шаханұлының өмірінен, көпсалалы шығармашылығынан жалпы мәлімет беру, азамат ақын екенін дәлелдеу; шығармашылығымен таныстыра отырып, оқушылардың эстетикалық сезімін ояту, сол арқылы адамгершілікке тәрбиелеу, музыканы түсініп, сүюге, әдебиетті тереңірек ұғуға үйрету, өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту.