Материалы за 22.10.2022 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
Аудандық "Үздік педагог –2022" конкурсы өткізілді.
22
октябрь
2022
Аудандық "Үздік педагог –2022" конкурсы өткізілді.
 Лицейіміздің математика пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Сағиолданов Талант Бақытұлы орта білім беру ұйымдары арасында мұғалімдердің кәсіби беделін көтеру, оларды қолдау мен көтермелеу, инновациялық педагогикалық білім беру саласының қызметтегі іс-әрекетін таратуға ықпал ету мақсатында ұйымдастырылған аудандық "Үздік педагог – 2022" конкурсының І дәрежелі дипломымен марапатталып, қалалық кезеңге жолдама алды. Ұстазымызға сәттілік тілейміз!
Республика күніне орай лицей оқушылары Қазақстан Республикасының гимнін орындады.
22
октябрь
2022
Республика күніне орай лицей оқушылары Қазақстан Республикасының
    Республика күні Ұлттық мерекесіне орай №178 мамандандырылған лицей оқушылары Қазақстан Республикасының гимнін орындады. Мақсаты: оқушылардың бойына патриоттық сезім ұялату, өз Отанын, туған елін сүюге тәрбиелеу.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында тренинг өткізілді.
22
октябрь
2022
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында тренинг өткізілді.
     №178 мамандандырылған лицейде әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Н.Кутумов «Адал ұрпақ» ерікті лицей клубының жоспарына сәйкес 7-8 сынып оқушыларына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында тренинг өткізді. Мақсаты: Оқушылардың сыбайлас жемқорлық туралы білімдерін тереңдету, Заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу.
FIRST GLOBAL CHALLENGE - робототехника жарысы.
22
октябрь
2022
FIRST GLOBAL CHALLENGE - робототехника жарысы.
    🔘 FIRST GLOBAL CHALLENGE - робототехникадан өтетін әлемдегі ең беделді жарыстардың бірі. Бұл байқаудың жеңімпаздары әлемнің жетекші университеттеріне түсуге мүмкіндік алады. Биылғы жарыс Швейцарияның Женева қаласында өтті. Еліміздің намысын FIRST Global Challenge ұлттық турнирінің 5 жеңімпаз оқушы қорғап, 167 елдің жасөспірімдерімен сынға түсіп, ұпай саны бойынша рекордпен жеңіске жетті. 🔹 Күллі әлем алдында көк туымызды көкте желбіреткен ұлттық командаға №178 мамандандырылған лицейдің
«Математикадан үздік қысқа мерзімді сабақ жоспары» байқауының қалалық кезеңінің қорытындысы шығарылды.
22
октябрь
2022
«Математикадан үздік қысқа мерзімді сабақ жоспары» байқауының қалалық
     Математика пәнінің мұғалімдерінің кәсіби тәжірибесін зерделеу және қолдау көрсету, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер туралы қоғамдық пікірді қалыптастыру мақсатында өткізілген «Математикадан үздік қысқа мерзімді сабақ жоспары» байқауының қалалық кезеңінің қорытындысы шығарылды. Лицейіміздің математика пәні мұғалімі, педагог-шебер Бектасова Алмагул Ибраимовна қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді. Марапатыңыз құтты болсын, құрметті Алмагул Ибраимовна!