Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Парасат» қыздар ұйымының жиналысы өткізілді
18
сентябрь
2021
«Парасат» қыздар ұйымының жиналысы өткізілді
2021 жылдың 18 қыркүйек күні Алматы қаласы Алатау ауданы №178 мамандандырылған лицейде 9-11 сынып қыздарына «Парасат» қыздар ұйымының жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында №178 мамандандырылған лицейдің директордың тәрбиесі ісі жөніндегі орынбасары Г.Токталиева қыздар ұйымының құрылу мақсаты мен алдағы атқарылатын жұмыс жоспарымен таныстырды. Лицей психологы Ш. Асилова «Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі» тақырыбында баяндама жасады. Сонымен бірге “Қыздарға әсемдік жарасады” атты бейнеролик
«Ақпараттық коммуникативтік технологияларды оқу процесінде тиімді пайдалану жолдары» атты семинар өтті.
17
сентябрь
2021
«Ақпараттық коммуникативтік технологияларды оқу процесінде тиімді
№178 мамандандырылған лицейде жас мамандармен «Ақпараттық коммуникативтік технологияларды оқу процесінде тиімді пайдалану жолдары» атты семинар өтті. Семинар барысында лицей директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Дәулетбаева Гульнафис Абатовна 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен таныстырды. Информатика пәнінің мұғалімдері Нұрмұхаметова Мадина Алибековна мен Бейсенбекова Ләйлім Калиевна ақпараттық коммуникативтік технологияларды оқу процесінде тиімді пайдаланудың тәсілдерін
"Ғаламтор кітаптың орнын баса алмайды" атты дебаттық турнирі өткізілді.
16
сентябрь
2021
"Ғаламтор кітаптың орнын баса алмайды" атты дебаттық турнирі
№178 мамандандырылған лицейде қыркүйек айының 16 күні Қазақстан Республикасы Алматы қаласы Мәдениет басқармасының Алматы қаласы орталықтандырылған Кітапхана жүйесі КММ қарасты А.П.Чехов атындағы Орталық қалалық кітапхананың ел тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай ұйымдастырған, кітап-рухани қазына екендігін айғақтайтын "Ғаламтор кітаптың орнын баса алмайды" атты дебаттық турниріне қатысып, жүлделі I орынды №178 мамандандырылған лицейдің "Жас қыран" фракциясы Окан Асыл мен Серікқызы Жанар иеленді.
"Алматы - әсем қала" атты пікірсайыс турнирі болып өтті
15
сентябрь
2021
"Алматы - әсем қала" атты пікірсайыс турнирі болып өтті
    2021 жылдың 15 кыркүйек күні Алматы қаласы Алатау ауданы Білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Алматы - әсем қала" атты пікірсайыс турнирі болып өтті. Қазақ лигасының турнирі бойынша №178 мамандандырылған лицейде өткен ойындар өте тартысты деңгейде болды. Алатау ауданы бойынша дебат турнирінің жүлделі I орынды "Жас қыран" фракциясы: Әшірбек Димаш пен Жүзбасар Арайлым, жүлделі II орынды лицейдің "No-mad" фракциясы: Қазиұлы Құрманбек пен Қожахмет Меруерт иеленді. Ағылшын лигасы бойынша пікірсайыс
«Оқушылардың электр тоғымен зақымдануының алдын алу», «Өрт қауіпсіздігі» тақырыбында өткен сынып сағаттар
14
сентябрь
2021
«Оқушылардың электр тоғымен зақымдануының алдын алу», «Өрт
№178 мамандандырылған лицейде 5-8 сыныптар арасында «Оқушылардың электр тоғымен зақымдануының алдын алу», 9-11 сыныптарда «Өрт қауіпсіздігі» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді.
Алматыдағы ең үздік фото онлайн байқауы өткізілді
13
сентябрь
2021
Алматыдағы ең үздік фото онлайн байқауы өткізілді
Алматы қаласы күнін мерекелеу қарсаңында №178 мамандандырылған лицейде #ILOVEALMATY хэштегімен оқушылар арасында Алматыдағы ең үздік фото онлайн байқауы өткізілді. Байқау қашықтық форматта өткізілді. Байқауға (7-11 жас,12-16 жас) аралығындағы оқушылар қатысты.
Мұғалімнің кәсіби шеберлігі - шығармашылығында
11
сентябрь
2021
Мұғалімнің кәсіби шеберлігі - шығармашылығында
Алматы қалалық «Ақылды сабақ – білім сапасын көтеру» жобасы оқу үдерісінің сапасын арттырудың негізгі факторын дамытуға бағытталған. №178 мамандандырылған лицейдің ағылшын тілі пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Досқожаева Нұргул Елшібекқызы «Ақылды сабақ - білім сапасын көтеру» жобасындағы кәсіби шеберлігі мен сараптама жұмыстарына белсене қатысқаны үшін Алматы қаласы Білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Мұғалімнің негізгі кәсіби құзіреттіліктерінің бірі – шығармашылығы
10
сентябрь
2021
Мұғалімнің негізгі кәсіби құзіреттіліктерінің бірі – шығармашылығы
Мұғалімнің негізгі кәсіби құзіреттіліктерінің бірі – шығармашылығы. Алатау ауданы №178 мамандандырылған лицейдің математика пәнінің мұғалімдері, педагог-шебер Бектасова Алмагул Ибраимовна, педагог-зерттеуші Китапбаева Бакыт Турысбековна 9 және 11 сыныптарға қорытынды аттестация тапсырмаларын дайындауда қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығымен жүйелі жұмыс жасап келеді. Шығармашыл мұғалімдердің жұмыстары бағаланып, құрмет грамоталарымен марапатталды.
"Алтын күз" тақырыбында 5-6 сыныптар арасында  көрме ұйымдастырылды
09
сентябрь
2021
"Алтын күз" тақырыбында 5-6 сыныптар арасында көрме ұйымдастырылды
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын мерекелеу аясында №178 мамандандырылған лицейде "Алтын күз" тақырыбында 5-6 сыныптар арасында көрме ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға, еңбекке үйрету.
«Ауылдағы бір күнім» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді
07
сентябрь
2021
«Ауылдағы бір күнім» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді
№178 мамандандырылған лицейде 5-11 сыныптар арасында «Ауылдағы бір күнім» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: оқушыларға туған ауылдың өткен тарихымен таныстырып, туған жерге деген ыстық сезімін бөлісуге, әр баланың елін, Отанын қадірлеуге бағыттау.