Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Алматы қаласы әкімінің грант тағайындау конкурсының жеңімпазы анықталды
13
октябрь
2021
Алматы қаласы әкімінің грант тағайындау конкурсының жеңімпазы
     Алатау ауданы N178 мамандандырылған лицейдің математика пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Талант Бақытұлы Сағиолданов Алматы қаласы әкімінің Педагогтердің шығармашылық әлеуетін көтеру және кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатында грант тағайындау конкурсының жеңімпазы атанды. Алматы қаласының әкімі Б.Ә. Сағынтаевтың өз қолынан 2000000 теңге сыйақының сертификатын алды. Құттықтаймыз!
Оқушылардың бөгде адамдармен тілдесіп, әлеуметтік желідегі таныстықтың зардаптарын алдын-алу мақсатындағы жұмыстар
12
октябрь
2021
Оқушылардың бөгде адамдармен тілдесіп, әлеуметтік желідегі
  Алматы қаласы Алатау ауданы №178 мамандандырылған лицейде 2021 жылдың 12 қазан күні 5-11 сынып оқушыларына әлеуметтік жарнамалар туралы, үгіт-насихат жұмыстарының жүргізілуі, адам саудасының алдын алу, оқушылардың бөгде адамдармен тілдесіп, әлеуметтік желідегі таныстықтың зардаптарын алдын алу мақсатында лицей инспекторы Нусупбаев Еркін Қанатұлы және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары оқушылар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Қарттар күні айлығы аясында «Мейірімділік пен жақсылық» тақырыбында 5-11 сыныптар арасында сынып сағаты өткізілді.
12
октябрь
2021
Қарттар күні айлығы аясында «Мейірімділік пен жақсылық» тақырыбында
    №178 мамандандырылған лицейде Қарттар күні айлығы аясында «Мейірімділік пен жақсылық» тақырыбында 5-11 сыныптар арасында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: байтақ еліміздің асыл қазынасы, байлығының бірі ол осы абзал жандарды, отбасының берекесі мен бейбітшілігін сақтап келе жатқан, өскелең ұрпаққа өз ақылдарын айтып отыратын ардагерлерді сыйлап құрметтеуге, оларға мейірім танытып, әрдайым көмек көрсетуге үйрету.
Жиынтық бағалау - оқушының білім сапасы
12
октябрь
2021
Жиынтық бағалау - оқушының білім сапасы
    Жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес оқушылардың білімін жүйелі бағалау мақсатында №178 мамандандырылған лицейде бөлім бойынша жиынтық бағалау жұмыстары (БЖБ) санитарлық талаптарды сақтай отырып, офлайн форматта алынуда. БЖБ үдерісі оқушының белгілі бір бөлім тақырыптарын аяқтауынан жинақтаған білімі мен дағды деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
"Атамекен" кәсіпкерлік палатасының директоры Казыкенов Айбек Олжабекұлымен онлайн кездесу өткізілді.
11
октябрь
2021
"Атамекен" кәсіпкерлік палатасының директоры Казыкенов Айбек
"Кәсіпкерлік және бизнес негіздері" пәні мұғалімі Абдраимов Айдынның ұйымдастыруымен №178 мамандандырылған лицейде Алатау ауданы "Атамекен" кәсіпкерлік палатасының директоры Казыкенов Айбек Олжабекұлымен онлайн кездесу өткізілді. Кездесуге 9-10 сынып оқушылары қатысып, бизнес саласындағы мәселелер бойынша сұрақтар талқыланып, кең ауқымды мағлұмат берілді.
"Ұстаздардың ұстазы" тақырыбында әдеби кеш ұйымдастырылып өткізілді.
09
октябрь
2021
"Ұстаздардың ұстазы" тақырыбында әдеби кеш ұйымдастырылып өткізілді.
№178 мамандандырылған лицейде Ыбырай Алтынсариннің 180 жыл толуына орай қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің бірлестік кафедрасының ұйымдастыруымен "Ұстаздардың ұстазы" тақырыбында әдеби кеш ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармаларын оқырманға таныстыру. Ыбырай Алтынсариннің шығармалары арқылы жастарды имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.  
10-11 сынып ата-аналармен онлайн-кездесу өтті.
09
октябрь
2021
10-11 сынып ата-аналармен онлайн-кездесу өтті.
2021 жылдың 09 қазаны сағат 10:00-де ZOOM платформасында №178 мамандандырылған лицейдің 10-11 сынып ата-аналарымен "лицей – бала – ата-ана" қарым-қатынасы мен өзара ықпалдасуына қатысты психологиялық-педагогикалық қолдау бойынша барлық толғандыратын мәселелерде ата-аналарға пәрменді көмек көрсету мақсатында онлайн-кездесу өтті. Ата-аналарға арналған онлайн-сұхбатқа лицей директоры, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, лицей психологы, лицейдің 10-11 сынып оқушыларының ата-аналары
«Құқық бұзушылыққа жол жоқ!» тақырыбында 5-11 сыныптар арасында  ұлдар жиналысы өткізілді.
08
октябрь
2021
«Құқық бұзушылыққа жол жоқ!» тақырыбында 5-11 сыныптар арасында
178 мамандандырылған лицейде «Құқық бұзушылыққа жол жоқ!» тақырыбында 5-11 сыныптар арасында ұлдар жиналысы өткізілді. Мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтары біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.  
"Сенім менің серігім" тақырыбында тренинг өткізілді.
07
октябрь
2021
"Сенім менің серігім" тақырыбында тренинг өткізілді.
     №178 мамандандырылған лицейдің 11-сынып оқушыларын біріңғай мемлекеттік емтиханға дайындалу барысындағы кездесетін мінез-құлық стратегиясы мен тактикасын өңдеуін, өзін-өзі бақылау дағдысын, сенімділігін арттыру мақсатында психологиялық тренинг жүргізілді. Тренинг барысында лицей психологтары Агажанова Ж. мен Жамалова Г. оқушылардың стресске қарсы тұруына; өзіне деген сенімділік мінез-құлық дағдысын арттыруға; эмоциялық ерік сферасын дамытуға; өзіне көңіл бөлу және айналадағыларына сенім
«Жақсы көңіл-күй жан азығы» тақырыбында тренинг өткізілді.
07
октябрь
2021
«Жақсы көңіл-күй жан азығы» тақырыбында тренинг өткізілді.
    №178 мамандандырылған лицейде 8-сынып оқушыларымен онлайн форматта «Жақсы көңіл-күй жан азығы» тақырыбында лицей психологтары Агажанова Жанна және Жамалова Гаухар психологиялық тренинг өткізді. Оқушылар арасындағы қарым-қатынастарды нығайту, жағымсыз көңіл-күйлерден арылу, өзін-өзі бағалау, құрметтеу мақсатында жүргізілді. Тренинг соңында оқушылар өз ойларын кері байланыс жасау арқылы білдірді.