Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Күз кереметі» тақырыбында  сурет байқауы өткізілді.
01
ноябрь
2021
«Күз кереметі» тақырыбында сурет байқауы өткізілді.
№178 мамандандырылған лицейде 5-8 сынып оқушылары арасында «Күз кереметі» тақырыбында сурет байқауы өткізілді. Мақсаты – оқушылардың шығармашылық және көркемдік қиялдау дағдыларын дамытуға мүмкіндік туғызу. Өнер саласында эстетикалық талғамын, қабілеттері мен дағдыларын қалыптастыру.
Лицейде 5-6 сыныптағы ер балалардың арасында жиналыс өтті
01
ноябрь
2021
Лицейде 5-6 сыныптағы ер балалардың арасында жиналыс өтті
    Лицей тәлімгері Әбілқайыр Тілеужан 5-6 сыныптарда оқитын лицейіміздің ер балалары арасында жиналыс өткізді. Оқушыларға күзгі каникул кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға және ІІ тоқсанда лицейде өтетін іс-шаралардың жоспарларымен таныстырды. Жиналыс барысында 5-6 сыныптар арасындағы ер балалардың төрағасы болып Абылай Бейбарыс сайланды.
«Жол ережесі туралы не білеміз?» тақырыбында өткен сынып сағаттары
30
октябрь
2021
«Жол ережесі туралы не білеміз?» тақырыбында өткен сынып сағаттары
    №178 мамандандырылған лицейде 5-7 сыныптар арасында жолда жүру ережесін сақтау мақсатында «Жол ережесі туралы не білеміз?» тақырыбында сынып сағаты өтілді. Мақсаты: жолда жүру кезіндегі балалар арасында болатын төтенше жағдайлардың алдын алу және жол ережесін қатаң сақтау. 5-7 сыныптар арасында «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік!» тақырыбында сынып сағаттары өтілді. Алатау АПБ ЖПҚБ ЮПБ инспекторы полиция капитаны Е.Қ. Нусупбаевтің қатысуымен «Жолда жүру ережесін сақта!» тақырыбында
«Үздік жыл психологы» конкурсының қалалық кезеңі.
29
октябрь
2021
«Үздік жыл психологы» конкурсының қалалық кезеңі.
Жоғары деңгейдегі кәсіби құзіреттілікті көрсете білетін дарынды, шығармашыл психолог қызметкерлерді анықтау және психология ғылымының мәртебесін көтеру мақсатында ұйымдастырылған «Үздік жыл психологы» конкурсының қалалық кезеңіне қатысқан №178 мамандандырылған лицейдің психологы Агажанова Жанна Алтынбековна жеңімпаз атанып,"Үздік жыл психологы" байқауының І дәрежелі дипломымен марапатталды. Жанна Алтынбековнаға республикалық кезеңде сәттілік тілей отырып, шығармашылық табысы шыңдала беруін
«Үздік жыл психологы» конкурсының қалалық кезеңінің жеңімпазы анықталды
29
октябрь
2021
«Үздік жыл психологы» конкурсының қалалық кезеңінің жеңімпазы
   Жоғары деңгейдегі кәсіби құзіреттілікті көрсете білетін дарынды, шығармашыл психолог қызметкерлерді анықтау және психология ғылымының мәртебесін көтеру мақсатында ұйымдастырылған «Үздік жыл психологы» конкурсының қалалық кезеңіне қатысқан №178 мамандандырылған лицейдің психологы Агажанова Жанна Алтынбековна жеңімпаз атанып,"Үздік жыл психологы" байқауының І дәрежелі дипломымен марапатталды. Жанна Алтынбековнаға республикалық кезеңде сәттілік тілей отырып, шығармашылық табысы шыңдала беруін
9-10 сынып оқушыларына "Әкеге қарап, ұл өсер" тақырыбында ұлдар жиналысы өткізілді.
28
октябрь
2021
9-10 сынып оқушыларына "Әкеге қарап, ұл өсер" тақырыбында ұлдар
№178 мамандандырылған лицейде 9-10 сынып оқушыларына ұлдар жиналысы өткізілді, жиналыста Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Байдалиев Дархан Дәулетжанұлы "Әкеге қарап, ұл өсер" тақырыбында баяндама оқыды. Мақсаты: Оқушыларды ата-ананың қадірін, қасиетін, өнегелі өмірін, үлкеннің ақыл кеңесін тыңдауға, инабаттылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Нархоз университетінің спикерлері мамандықты дұрыс таңдау бойынша кәсіби бағдар берді
27
октябрь
2021
Нархоз университетінің спикерлері мамандықты дұрыс таңдау бойынша
N178 мамандандырылған лицейде 11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында Нархоз университетінің спикерлері аталмыш ЖОО туралы ақпаратпен бөлісіп, оқу бағдарламалары мен оның ерекшеліктері, оқуға түсу гранты мен жеңілдіктері жайында лицей түлектеріне таныстырды. Сондай-ақ қатысушылармен Kahoot ойыны арқылы кері байланыс жасалды, нәтижесінде 5 оқушы Нархоз университетінің брендтік стикерлерін ұтып алды.
«Жастар денсаулық орталығының» психологтары Беспаева А.Т. мен Касимова А.Н. қатысуымен кездесу өтті
26
октябрь
2021
«Жастар денсаулық орталығының» психологтары Беспаева А.Т. мен
№178 мамандандырылған лицейдің психолог мамандары Агажанова Жанна, Жамалова Гаухар және №29 қалалық емхананың «Жастар денсаулық орталығының» психологтары Беспаева Айнаш Токташбайқызы, Касимова Ақниет Нұрзадайқызы қатысуымен 8-сынып арасында мәжіліс залында кездесу өтті. Психологтар “Өмір маған берілген үлкен сый” тақырыбында өмірге деген бейімділік, табандылық қарым-қатынаста болуын қалыптастыруға байланысты бірнеше кеңестер берді. Кездесу соңына оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, қойылған
Лицей оқушылары - М. Әбділдин атындағы «Адам, Жер, Әлем» Қазақстандық астротурнирінің жүлдегері
25
октябрь
2021
Лицей оқушылары - М. Әбділдин атындағы «Адам, Жер, Әлем» Қазақстандық
«Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының ұйымдастыруымен М. Әбділдин атындағы «Адам, Жер, Әлем» Қазақстандық Астротурнирі өтті.Турнирге №178 мамандандырылған лицейден 9-10 сынып оқушылары қатысып, еліміздің барлық өңірінен 85 оқушыдан тұратын 17 қоманда арасынан біздің шәкірттер жүлделі 3-орынға ие болды. Лицей директоры Қ.Х.Шадиев мырза оқушыларды жеке құттықтады. Жеңістеріңіз құтты болсын!!!
"Дарынды балаларға - талантты ұстаз" атты педагогикалық олимпиадасының қалалық кезеңінің жүлдегері
23
октябрь
2021
"Дарынды балаларға - талантты ұстаз" атты педагогикалық
Лицей тәлімгері және медиасауаттылық пәнінің мұғалімі Әбілқайыр Тілеужан, Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты "Алматы дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен "Дарынды балаларға - талантты ұстаз" атты педагогикалық олимпиадасының қалалық кезеңіне қатысып, ІІ орынды қанжығасына байлап, қараша айында Семей қаласында өтетін Республикалық байқауға жолдама жеңіп алды.