Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
5-сынып оқушылары "Ел жастары" өзін-өзі басқару ұйымына мүше болды
01
октябрь
2021
5-сынып оқушылары "Ел жастары" өзін-өзі басқару ұйымына мүше болды
     Мамандандырылған лицейдің 5-сынып оқушылары "Ел жастары" өзін-өзі басқару ұйымына мүше болды. Лицей тәлімгері Әбілқайыр Тілеужан ұйымға жаңадан қабылданған оқушыларға алдағы уақытта лицейімізде атқарылатын жұмыс жоспарларын таныстырып, 5-сынып оқушыларын жоғары сыныптың оқушыларымен бірігіп жұмыс істеуге шақырды. Ал 6-8 сыныптың оқушылары лицейде атқарған қоғамдық жұмыстарын ортаға салып, өзара пікір алмасты.
Лицей мұғалімі "Үздік педагог - 2021" байқауының үздігі деп танылды
01
октябрь
2021
Лицей мұғалімі "Үздік педагог - 2021" байқауының үздігі деп танылды
     Осы аптада Қостанай қаласында білім беру саласы бойынша өте маңызды іс-шара өтті. Мұғалімдердің кәсіби мерекесі негізінде «Үздік педагог – 2021» республикалық байқауының қорытындысы шығарылып, үздіктері анықталды. Биылғы жылмен алғанда оныншы мәрте өткізіліп жатқан мерейтойлық рәсімге ҚР 30 жылдығы қарсаңында және көрнекті ағартушы, Ұлы педагог Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр. Айтулы датаны ескере отырып үздік мұғалімдерді марапаттау кеші ұлы ағартушының
«Сыбайлас жемқорлықпен  күрес - ортақ парыз» тақырыбында пікір талас өткізілді.
01
октябрь
2021
«Сыбайлас жемқорлықпен күрес - ортақ парыз» тақырыбында пікір талас
2021 жылдың 1-қазан күні №178 мамандандырылған лицейде әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Н.Кутумовтың ұйымдастыруымен, «Адал ұрпақ» еріктілер лицей клубының жетекшісі А.Т.Қамза 6-сынып оқушыларына «Сыбайлас жемқорлықпен күрес - ортақ парыз» тақырыбында пікір талас өткізді. Мақсаты: Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының негізгі мақсат міндеттерімен таныстырып, құқықтық сауаттылығын арттыру , ұйымшылдық
ТӘЖІРИБЕМЕН АЛМАСУ - КӘСІБИ ҚАЖЕТТІЛІК
30
сентябрь
2021
ТӘЖІРИБЕМЕН АЛМАСУ - КӘСІБИ ҚАЖЕТТІЛІК
Оқытудың әдіс-тәсілдерін еркін игеріп, оларды үйлесімді әрі шығармашылықпен қолдану - сабақтың сәтті өтуінің кепілі. №178 мамандандырылған лицейдің математика кафедрасының мұғалімдері тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу, сараптау бойынша тәжірибе алмасты. Кафедра отырысы барысында математика пәні мұғалімі, педагог-шебер Бектасова Алмагул Ибраимовна 5-11 сыныптың тақырыптық электронды жүйелілігімен тәжірибе бөлісті.  
"Ұстаз - ұлық емес, ұлы қызмет" тақырыбында ардагер ұстаздарымыздың қатысуымен ашық сынып сағаттары өткізілді
29
сентябрь
2021
"Ұстаз - ұлық емес, ұлы қызмет" тақырыбында ардагер ұстаздарымыздың
     №178 мамандандырылған лицейде ұстаздардың төл мерекесі күніне орай 5-11 сыныптар арасында "Ұстаз - ұлық емес, ұлы қызмет" тақырыбында лицейдің ұлағатты ардагер ұстаздарымыздың қатысуымен ашық сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: оқушыларды ұстаздарды құрметтеу мен сыйлауға тәрбиелеу.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының дайындық кезеңі.
28
сентябрь
2021
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының дайындық кезеңі.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыру және өткізу іс-шарасы негізінде - ЭКОНОМИКА секциясы бойынша, 11 сынып оқушысы Аблайхан Нурдаулет жоба мазмұнын талдауға жан-жақты дайындық үстінде. "Карантин кезіндегі бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі: проблемалар мен жаңа мүмкіндіктер" тақырыбын ашуда ғылыми жетешілік етіп отырған педагогика ғылымдарының магистрі, педагог-модератор А.А.Абдраимов жас зерттеушіге бағыт бағдар беруде.
«Мен сіздермен біргемін», «Жағымсыз эмоциялар бояуы», «Мозайка»  тақырыптарында тренингтер өткізілді.
28
сентябрь
2021
«Мен сіздермен біргемін», «Жағымсыз эмоциялар бояуы», «Мозайка»
№178 мамандандырылған лицейдің жас мамандарына білікті ұстаздармен қатар тәжірибелі және мақсатты көмек көрсетуде Алматы қаласындағы "Педагогикалық шеберлік орталығының" жүйелі өткізіп отырған оқу семинарының орны ерекше. Осы орайда «Жас педагог» клуб кеңесінің төрағасы, аға менеджері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент. А.К. Алимов өткізген «Мен сіздермен біргемін», «Жағымсыз эмоциялар бояуы», «Мозайка» деген бірнеше тренингтер өз нәтижесін беруде.
ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен желтоқсан көтерілісінің 35 жылдығына арналған волейболдан қалалық турнир өтті.
28
сентябрь
2021
ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен желтоқсан көтерілісінің 35
№178 мамандандырылған лицейде ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен желтоқсан көтерілісінің 35 жылдығына арналған волейболдан қалалық турнир өтті. Жарысты ұйымдастыруда патриоттық қозғалыс «Желтоқсан ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Т. Құрымбаев, Алатау ауданы әкімдігі және ПҚ «Желтоқсан Ақиқаты» РҚБ Алатау аудандық филиалының төрағасы Н. Суюнов, жарыстың бас төрешісі Х.О. Баядилов белсенділік танытты. Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде, жарысты ұйымдастырушылар мен лицей
Тіл мерекесіне арналған іс-шара ағылшын тілінде өтті
27
сентябрь
2021
Тіл мерекесіне арналған іс-шара ағылшын тілінде өтті
    №178 мамандандырылған лицейде ағылшын тілі мұғалімдері Айтмағанбетова С., Жанат Ж. және Нусупалиева Д. 6-сынып оқушыларымен Тіл мерекесіне арналған сайысты офлайн форматта өткізді. Іс-шара барысында оқушылар жүйрік ойлау қабілеттері мен шапшаңдықпен жауап берулерін көрсетті. Сыныптан тыс іс-шара қызықты әрі тартымды өтті.
Алматы қаласына қарасты мектеп директорлары ҚР Білім және ғылым министрі Аймағамбетов Асхат Қанатұлымен кездесті
27
сентябрь
2021
Алматы қаласына қарасты мектеп директорлары ҚР Білім және ғылым
      2021 жылғы 24 қыркүйек күні Алматы қаласына қарасты мектеп директорлары ҚР Білім және ғылым министрі Аймағамбетов Асхат Қанатұлымен кездесті. Білім және ғылым министрімен өткен кездесуге мамандандырылған лицейдің директоры Қайратбек Хамзаханұлы да қатысып, білім жүйесіндегі өзінің көкейтесті сұрақтарын қойып, білім саласына қатысты ұсыныстарын білдірді.