Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
5-сынып оқушылары "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымының ережесімен танысты
27
сентябрь
2021
5-сынып оқушылары "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымының
     Лицей тәлімгері Әбілқайыр Тілеужан "Жас Ұлан" ұйымы кабинетінде лицейімізге жаңадан келген 5-сынып оқушыларына республикалық "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымының ережесімен таныстырды. Оқушыларды оқуда озат болып, лицей тәртібін сақтап, қоғамдық іс-шараларға белсенді түрде қатысуға шақырды. Алдағы уақытта 5-сынып оқушылары әр бағытта лицей намысын абыроймен қорғап, өздерінің сүбелі үлестерін қосады деп сенім білдіреміз.
10-11 сынып оқушылары арасында шағын футболдан ашық турнир өткізілді
27
сентябрь
2021
10-11 сынып оқушылары арасында шағын футболдан ашық турнир өткізілді
      "Gol Gol" футбол алаңында және сол орталықтың қолдауымен, лицей тәлімгері Тілеужан Әбілқайыр мен лицейдің вице-президенті Серікұлы Әлиханның ұйымдастыруымен 10-11 сынып оқушылары арасында шағын футболдан ашық турнир өткізілді. Сыныптардан жасақталған командалар 4 топқа бөлініп, өзара үздік команданы анықтады. Лицейіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімі Естай Әнәпьяев футбол турнирінің төрешісі болды.
Күзгі каникулы кезінде оқушылар 1-7 қараша аралығында 7 күн демалады.
27
сентябрь
2021
Күзгі каникулы кезінде оқушылар 1-7 қараша аралығында 7 күн демалады.
2021-2022 оқу жылының күзгі каникулы кезінде оқушылар 1-7 қараша аралығында 7 күн демалады. Екінші тоқсанды 8 қараша күні дәстүрлі форматта бастайды.
"Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте" тақырыбында дебат өткізілді
25
сентябрь
2021
"Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте" тақырыбында дебат
        №178 мамандандырылған лицейде ағылшын тілі мұғалімдері: Ауельбекова А. мен Ильясова Г. 10-сынып оқушыларымен "Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте" тақырыбында дебат өткізді. Мақсаты: оқушыларға ана тілін құрметтеу және өз тіліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, ағылшын тілінде жетік сөйлеуге дағдыландыру. Оқушылар шешендік сөйлеу мәнерін, өз пікірлерін дәлелдей алатындықтарын және ой таластыра алатын қабілеттерін көрсете білді.
«Жолда жүру ережесін сақта!» тақырыбында түсіндірмелі жұмыстары жүргізілді
24
сентябрь
2021
«Жолда жүру ережесін сақта!» тақырыбында түсіндірмелі жұмыстары
№178 мамандандырылған лицейде қыркүйек айында жолда жүру ережесін сақтау мақсатында «Абайла, балақай!» атты айлығы ұйымдастырылуда. Айлыққа жеке жоспар құрылып, жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Мақсаты: жолда жүру кезіндегі балалар арасында болатын төтенше жағдайлардың алдын алу және жол ережесін қатаң сақтау. 5-11 сыныптар арасында «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік!» тақырыбында сынып сағаттары өтті. 5-7 сыныптары арасында Алатау АПБ ЖПҚБ ЮПБ инспекторы полиция капитаны Е.Қ.
Өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлауы өтті
23
сентябрь
2021
Өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлауы өтті
      №178 мамандандырылған лицейде оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлауы өтті. Оқушылардың өзін-өзі басқаруы – бұл Зияткерлік мектеп оқушыларының өзін-өзі басқаруға қатысу формасы, ол оқушылардың мұғалімдер құрамымен және зияткерлік мектеп басшылығымен бірге оқу үдерісін ұйымдастырудағы мәселелерді шешуге қатысуын қарастырады.  Осы негізде Лицей Президенттігіне үміткерлердің өздерінің ұсынудағы мақсатымен және алда қандай жұмыстар атқаратындары туралы таныстырылым жасады.
Жастар денсаулық орталығының» акушер-гинекологі Саматқызы Тоғжанның қатысуымен 9-11 сынып қыздары арасында онлайн форматта кездесу өтті.
22
сентябрь
2021
Жастар денсаулық орталығының» акушер-гинекологі Саматқызы Тоғжанның
      №178 мамандандырылған лицейдің психолог мамандары Агажанова Жанна, Жамалова Гаухар және №29 қалалық емхананың «Жастар денсаулық орталығының» акушер-гинекологі Саматқызы Тоғжанның қатысуымен 9-11 сынып қыздары арасында онлайн форматта кездесу өтті. Кездесуде қыз баланың гигиенасына байланысты бірнеше кеңестер берілді. Кездесу соңына қыздар тарапынан сұрақтар қойылып, жақсы кері байланыс орнатылды.
«Балалар агрессиясы: себептері, салдары және одан арылу жолдары» тақырыбында сынып сағаттары өтті.
21
сентябрь
2021
«Балалар агрессиясы: себептері, салдары және одан арылу жолдары»
№178 мамандандырылған лицейде 21 қыркүйекте балалар агрессиясының себептері, салдары және одан арылу жолдарын алдын алу мақсатында 5-11 сынып оқушылары арасында «Балалар агрессиясы: себептері, салдары және одан арылу жолдары» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Балалар агрессиясы қандай көрініс табуы мүмкін? Агрессияның пайдасы неде? Балалар агрессияшылдығының себептері неде? Осындай тәріздес сұрақтар төңірегінде оқушыларға толық ақпарат беріліп, оқушылармен кері байланыс орнатылды.   
«Отбасы мен мектеп - саналы ұрпақ тәрбиелеудегі берік одақ» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті
20
сентябрь
2021
«Отбасы мен мектеп - саналы ұрпақ тәрбиелеудегі берік одақ»
№178 мамандандырылған лицейде 5-11 сынып ата-аналарына «Отбасы мен мектеп - саналы ұрпақ тәрбиелеудегі берік одақ» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы онлайн режимінде өтті. Жиналысты №178 мамандандырылған лицей директоры К.Х.Шадиев алғы сөзбен бастады. Онлайн жиналыс барысында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті Тарих мамандығының PhD докторанты Сейтқазиев Руслан Өмірғазыұлы «Бала тәрбиесіндегі жауапкершілік: отбасындағы әке мен ананың міндеті. Мұғаліммен кері байланыс»
«Отбасы мен мектеп - саналы ұрпақ тәрбиелеудегі берік одақ» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы онлайн режимінде өтті.
20
сентябрь
2021
«Отбасы мен мектеп - саналы ұрпақ тәрбиелеудегі берік одақ»
№178 мамандандырылған лицейде 5-11 сынып ата-аналарына «Отбасы мен мектеп - саналы ұрпақ тәрбиелеудегі берік одақ» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы онлайн режимінде өтті. Жиналысты №178 мамандандырылған лицей директоры К.Х.Шадиев алғы сөзбен бастады. Онлайн жиналыс барысында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті Тарих мамандығының PhD докторанты Сейтқазиев Руслан Өмірғазыұлы «Бала тәрбиесіндегі жауапкершілік: отбасындағы әке мен ананың міндеті. Мұғаліммен кері байланыс»