Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Лицейдің 10 жылдық мерейтойына орай жазылған мақала "БІЛІМДІ ЕЛ" газетінде жарық көрді.
04
февраль
2023
Лицейдің 10 жылдық мерейтойына орай жазылған мақала "БІЛІМДІ ЕЛ"
№178 мамандандырылған лицейдің 10 жылдық мерейтойына орай лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлының "Жаңару мен даму: Жаңа онжылдықтағы мүмкіндіктер" тақырыбындағы мақаласы "БІЛІМДІ ЕЛ" газетіне жарық көрді.
ҚР ОАМ «Дарын» РҒПО 2023-2024 оқу жылына мамандандырылған білім беру ұйымдарының 5, 6, 7, 10 – сыныптарына қабылдауды жүзеге асырады.
03
февраль
2023
ҚР ОАМ «Дарын» РҒПО 2023-2024 оқу жылына мамандандырылған білім беру
ҚР ОАМ «Дарын» РҒПО 2023-2024 оқу жылына мамандандырылған білім беру ұйымдарының 5, 6, 7, 10-сыныптарына қабылдауды жүзеге асырады. Негіздеме: «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы. Құжаттарды онлайн - тіркеу және қабылдау 2023 жылғы 1 ақпан мен 15 сәуір аралығында https://qabyldau.daryn.kz сайтында жүргізіледі.
«Зерттеу мәселесін қою арқылы күрделілігі жоғары есептерді шешу – оқушылардың мотивациясын дамыту» қалалық квест-семинар өткізілді.
02
февраль
2023
«Зерттеу мәселесін қою арқылы күрделілігі жоғары есептерді шешу –
Физика, биология, химия, математика мұғалімдеріне арналған «Зерттеу мәселесін қою арқылы күрделілігі жоғары есептерді шешу – оқушылардың мотивациясын дамыту» қалалық квест-семинарды практикада көрсетіп, озық шеберлігі үшін №178 мамандандырылған лицейдің командасы Г.Б.Джумабаева, А.Д.Ахмеджанова, Н.Бақытжан, Д.Құрманжан Құрмет грамотасымен марапатталды. Жауапты координатор директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.А.Даулетбаева.
Мамандандырылған мектептерге оқуға түсу үшін ӨТІНІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУҒА арналған тіркеудің басталатындығы туралы
01
февраль
2023
Мамандандырылған мектептерге оқуға түсу үшін ӨТІНІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУҒА
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2023-2024 оқу жылына мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға түсуге құжаттар қабылдауды бастайтындығын хабарлайды. Құжаттарды қабылдау 2023 жылғы 1 ақпан мен 15 сәуір аралығында www.qabyldau.daryn.kz сайтында онлайн-тіркеу түрінде жүзеге асырылады. Тіркеуден өзіңіз таңдаған мамандандырылған білім беру ұйымының қабырғасында көрсетілген мерзім аралығында өтуге болатындығын хабарлаймыз.Толық ақпарат www.qabyldau.daryn.kz сайтында.
№178 мамандандырылған лицейге оқуға түсу үшін ӨТІНІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУҒА арналған тіркеудің басталғандығы туралы
01
февраль
2023
№178 мамандандырылған лицейге оқуға түсу үшін ӨТІНІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУҒА
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР! №178 мамандандырылған лицей әкімшілігі 2023-2024 оқу жылына 7-сыныпта оқуға түсуге құжаттар қабылдауды бастайтындығын хабарлайды. Құжаттарды қабылдау 2023 жылғы 1 ақпан мен 15 сәуір аралығында www.qabyldau.daryn.kz сайтында онлайн-тіркеу түрінде жүзеге асырылады. Тіркеуден өзіңіз таңдаған мамандандырылған білім беру ұйымының қабырғасында көрсетілген мерзім аралығында өтуге болатындығын хабарлаймыз.Толық ақпарат www.qabyldau.daryn.kz сайтында. 
«Педагогикалық технологиялар панорамасы» аудандық байқауы өткізілді.
01
февраль
2023
«Педагогикалық технологиялар панорамасы» аудандық байқауы өткізілді.
Алатау ауданы Білім бөлімінің ұйымдастыруымен №178 мамандандырылған лицейде «Педагогикалық технологиялар панорамасы» аудандық байқауы өткізілді.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті.
31
январь
2023
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың
2023 жылдың 30 қаңтар 02 ақпан аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі №178 мамандандырылған лицейде өткізілуде. 30 қаңтар күні 9-11 сыныптарға математика және физика пәндері бойынша оқушылар өз білімін сынауда. Алатау ауданы бойынша олимпиада кестесіне сәйкес сағат 10:00-12:30 арасында математика пәні, 13:30-16:30 физика пәні бойынша 9-11 сыныптар ізденімпаздары білім сынағына түседі. Барлық олимпиада қатысушыларына сәттілік тілейміз!
7 сыныптар арасында “Шұбар доп ойыншылары” атты воллейболдан жарыс өткізілді.
30
январь
2023
7 сыныптар арасында “Шұбар доп ойыншылары” атты воллейболдан жарыс
ЖасStar» парламентінің ұйымдастыруымен 7 сыныптар арасында “Шұбар доп ойыншылары” атты воллейболдан жарыс өткізілді. Жарыстың басты мақсаты - жастарды спортқа шақырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру, сонымен қатар волейбол спортын дамытып насихаттау. Жарыс қызықты әрі тартысты өтті.
Математика пәні мұғалімі Рахымбекұлы Досжан 9 "Г” сыныбында "Үшбұрыштарды шешу" тақырыбында ашық сабақ өткізді.
27
январь
2023
Математика пәні мұғалімі Рахымбекұлы Досжан 9 "Г” сыныбында
№178 мамандандырылған лицейде "Әлем математика тілімен бейнеленген" тақырыбындағы айлық жалғасуда. Математика пәні мұғалімі Рахымбекұлы Досжан 9 "Г” сыныбында "Үшбұрыштарды шешу" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ заманауи сандық әдістерді қолдана отырып оқушылардың математикалық білім, білік дағдысын қалыптастырудағы тәжірибе алаңына айналды.
6-сынып оқушыларына "Спорт – сенің серігің" атты дөңгелек үстел болып өтті.
26
январь
2023
6-сынып оқушыларына "Спорт – сенің серігің" атты дөңгелек үстел болып
№178 мамандандырылған лицейде кітапханашылардың ұйымдастыруымен 6-сынып оқушыларына "Спорт – сенің серігің" атты дөңгелек үстел болып өтті. Мақсаты: балаларды салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу, спортпен шұғылдануға, зиянды әдеттерден аулақ болуға үйрету. Іс-шара барысында оқушылар спорттың денсаулыққа тигізер пайдасы мен адам өміріндегі алар орны туралы кеңінен мәлімет алды.