Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Тәуелсіздік  - бабалар аманаты" атты Желтоқсан құрбандарын еске алу кеші өтті.
15
декабрь
2021
"Тәуелсіздік - бабалар аманаты" атты Желтоқсан құрбандарын еске алу
Лицейімізде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай "Тәуелсіздік - бабалар аманаты" тақырыбында Желтоқсан құрбандарын еске алу кеші өтті. Бабалар аманаты арқылы бізге жеткен, болашақ ұрпақтарына мирас болып қалған ең Ұлы Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Тәуелсіздіктің қадірін білетін саналы ұрпақтарымыз көп болсын!
5-11 сынып оқушыларына «Қысқы кезеңде су айдындарындағы қауіпсіздік қағидалары» тақырыбында бейнеролик көрсетілді.
15
декабрь
2021
5-11 сынып оқушыларына «Қысқы кезеңде су айдындарындағы қауіпсіздік
№178 мамандандырылған лицейде қысқы кезеңінде су айдындарында (тоғандарда) жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін оқушылардың назарын қысқы кезеңде су айдындарындағы қауіпсіздікті сақтау, төтенше жағдайлар кезіндегі іс–қимылдарға әзірлікті арттыру мәніне аудару мақсатында 5-11 сынып оқушыларына «Қысқы кезеңде су айдындарындағы қауіпсіздік қағидалары» тақырыбында бейнеролик көрсетілді.
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Сәрсенбиева Сандуғаш Алматы қаласының әкімі Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевтың Алғыс хатымен марапатталды.
15
декабрь
2021
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Сәрсенбиева Сандуғаш Алматы қаласының
Алматы қаласының Білім беру жүйесіне қосқан үлесі мен білім берудегі жеткен жетістіктері үшін Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында №178 мамандандырылған лицейдің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Сәрсенбиева Сандуғаш Алматы қаласының әкімі Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевтың Алғыс хатымен марапатталды. Құтты болсын!  
«ТӘУЕЛСІЗДІК -  ЕЛ ЕРКІНДІГІ» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді.
15
декабрь
2021
«ТӘУЕЛСІЗДІК - ЕЛ ЕРКІНДІГІ» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді.
№178 мамандандырылған лицейде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «ТӘУЕЛСІЗДІК - ЕЛ ЕРКІНДІГІ» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді. Мақсаты: Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдікке, жауапкершілікке, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу. Іс-шара барысында мұғалімдер лицей директорының алғыс хатымен марапатталды.
Лицей директоры Қ.Х. Шадиев "Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жыл" мерекелік медалімен марапатталды.
14
декабрь
2021
Лицей директоры Қ.Х. Шадиев "Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жыл"
Биыл ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл толды. Бұл – қайта жаңғырған қазақ мемлекетінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін анықтайтын маңызды белес. Ұлы мерекенің қарсаңында №178 мамандандырылған лицейдің директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы ҚР Президентінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығы бойынша "Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жыл" мерекелік медалімен марапатталды. Қайратбек Хамзаханұлының марапаты ерен еңбегінің жемісі екені ақиқат. Мәртебеңіз шыңдала берсін деп, №178
«Тәуелсіздігім  - мақтанышым»   тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
14
декабрь
2021
«Тәуелсіздігім - мақтанышым» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
№178 мамандандырылған лицейде 5-11 сыныптар арасында «Тәуелсіздігім - мақтанышым» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды Тәуелсіз елін шексіз сүюге баулу, ынтымағы мен бірлігі жарасқан елдің ұланы екенін мақтанышпен сезіне білуге, тәуелсіздікті аңсаған ата-баба аманатына адал болуға, ұлтының салт-дәстүрін, өнері мен мәдениетін, тілін сүйе білуге баулу.
Лицейіміздің қос бірдей оқушысы Бекен Әлішер мен Ермекұлы Дияр бокстан ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған республикалық турнирге қатысып, І орын жеңіп алды.
13
декабрь
2021
Лицейіміздің қос бірдей оқушысы Бекен Әлішер мен Ермекұлы Дияр
Лицейіміздің қос бірдей оқушысы Бекен Әлішер мен Ермекұлы Дияр бокстан ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған республикалық турнирге қатысып, І орын жеңіп алды. Былтыр лицейімізге арнайы келген Афины олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаевтың батасын алып, алдарына үлкен мақсат қойып, спортты серік еткен қос оқушымызды кезекті жеңістерімен құттықтаймыз!
Лицей оқушылары "Музей күні" жобасы аясында Қазақстан Мемлекеттік Орталық музейіне саяхат жасап барды.
13
декабрь
2021
Лицей оқушылары "Музей күні" жобасы аясында Қазақстан Мемлекеттік
2021 жылдың 12 желтоқсанында №178 мамандандырылған лицейдің 6 "А" мен 6 "В" сынып оқушылары / сынып жетекшілері: Оразалиева Т. , Ногайбаева Ж.Е./ "Музей күні" жобасы аясында Қазақстан Мемлекеттік Орталық музейіне саяхат жасап барды. Музейдегі тарихи эскпонаттармен, қазақ халқының өмірімен, салт-дәстүрлерімен, өз ұлтымызға тән ерекшеліктерімен танысып, көп мағлұматтар алды. Саяхат оқушыларға қызықты, танымды, әсерлі болды.
«ХХl ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды ойын өткізілді.
13
декабрь
2021
«ХХl ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды ойын өткізілді.
№178 мамандандырылған лицейде 2021 жылдың 11 желтоқсан күні «Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі – нәтижелі білім берудің кепілі» тақырыбында қоғамдық –гуманитарлық пәндер кафедрасы онкүндігі өз мәресіне жетті. Ағылшын тілі пәні мұғалімі Доскожаева Н., орыс тілі пәні мұғалімі Шегалиева Л., тарих пәні мұғалімі Тұрлығожаев А. ұйымдастыруларымен «ХХl ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды ойын өткізілді. Ойынға жоғары сыныптың 9 оқушысы қатысып, жүлделі орындарға 9 сыныптардың 3 оқушысы иеленді.
“Адал Ұрпақ - сенімді болашақ кепілі” атты пікірталас өткізілді.
13
декабрь
2021
“Адал Ұрпақ - сенімді болашақ кепілі” атты пікірталас өткізілді.
№178 мамандандырылған лицейде "Адал Ұрпақ" еріктілер клубының жұмыс жоспарына сәйкес рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контексінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті лицей ортасында қалыптастыру бағдарламасын негізге ала отырып, 9-ыншы сынып оқушыларымен “Адал Ұрпақ - сенімді болашақ кепілі” атты пікірталас өтті. Осы бағдарлама аясында лицей жанынан ашылған «Адал ұрпақ» еріктілер клубы жұмыс жасауда.