Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Сұйылтылған күкірт қышқылы ерітіндісі   және оның тұздарының химиялық қасиеттерін зерттеу" тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
07
февраль
2022
"Сұйылтылған күкірт қышқылы ерітіндісі және оның тұздарының
  Жаратылыстану кафедрасының онкүндігі аясында №178 мамандандырылған лицейдің химия пәнінің мұғалімі Батрканова Айнур Рысбекқызы 9 «Е» сынып оқушыларымен «Сұйылтылған күкірт қышқылы ерітіндісі және оның тұздарының химиялық қасиеттерін зерттеу» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында интерактивті ойындар, топтық жұмыстар, химиялық іс-тәжірибелер жүргізіліп оқушылардың пәнге деген қызығушылығы арта түсті.
”Сырлы қалам, сыр шертер” атты онлайн байқауында "Көркем сөз" аталымы бойынша Аршабай Ақбота жеімпаз атанды.
07
февраль
2022
”Сырлы қалам, сыр шертер” атты онлайн байқауында "Көркем сөз" аталымы
Республикалық «ДАРА БАЛА» журналының ұйымдастыруымен ”Сырлы қалам, сыр шертер” атты онлайн байқауында "Көркем сөз" аталымы бойынша өнер көрсеткені үшін l дәрежелі дипломмен 8 "Ә" сынып оқушысы Аршабай Ақбота марапатталды. Жетекшісі: Жандыбаева Торқалы Құттықтаймыз, жетістіктерге жете бер!
ҰБТ-ға деген қорқыныштары сейіліп, өздеріне деген сенімділігі арттыру мақсатында тренинг өткізілді.
07
февраль
2022
ҰБТ-ға деген қорқыныштары сейіліп, өздеріне деген сенімділігі арттыру
№178 мамандандырылған лицейдің психологтары Ж.Агажанова мен Г.Жамалова ҰБТ-ға дайындалу кезінде оқушылардың өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру, өзін-өзі бақылау, стресске қарсы тұру қабілетін дамыту, көңіл-күйін көтеру мақсатында тренинг өткізді. Тренинг барысында оқушылардың ҰБТ-ға деген қорқыныштары сейіліп, өздеріне деген сенімділігі артты.
"Адамгершілік пен руханияттың  мөлдір бұлағы" тақырыбында сурет салу байқауы өткізілді.
07
февраль
2022
"Адамгершілік пен руханияттың мөлдір бұлағы" тақырыбында сурет салу
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі С.Ш.Асилова "Өзін-өзі тану және сүйіспеншілік пен шығармашылық" онкүндігі жоспары аясында 5-7 сынып оқушыларымен "Адамгершілік пен руханияттың мөлдір бұлағы" тақырыбында сурет салу байқауын өткізді. Байқауда жүлдегер атанған оқушылар Оскар Медина, Сырқатпай Медина, Мұрат Балнұр, Русланқызы Айзере, Ерлан Ермахан.
«Біздің даңқты бабамыз - Дінмұхамед Қонаев» тақырыбында 6-10 сынып оқушыларының қатысуымен өткен ғылыми конференцияның жеңімпаздары мен жүлдегер атанған оқушылары марапатталды.
07
февраль
2022
«Біздің даңқты бабамыз - Дінмұхамед Қонаев» тақырыбында 6-10 сынып
«Біздің даңқты бабамыз - Дінмұхамед Қонаев» тақырыбында 6-10 сынып оқушыларының қатысуымен өткен ғылыми конференцияның жеңімпаздары мен жүлдегер атанған оқушылары. 6-сыныптар: Бас жүлде (25 000 теңге) иегері - Жалғасбек Ару І орын (20 000 теңге) иегері - Баяш Аяла ІІ орын (2 оқушы 15 000 теңге) иегерлері - Өмірзақ Әмина мен Ерсінқызы Аймерей ІІІ орын (6 оқушы 12 000 теңге) иегерлері - Ахметқалиева Аруна, Марат Анель, Ахан Хадиша, Нұрсейіт Айым, Қайрат Жанель, Қуан Дильназ Дінмұхамед Ахметұлы
«Халықаралық Дінмұхамед  Ахметұлы Қонаев қорының» қолдауымен Ғылыми конференция өткізілді.
07
февраль
2022
«Халықаралық Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев қорының» қолдауымен Ғылыми
«Халықаралық Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев қорының» қолдауымен, №178 мамандандырылған лицейдің ұйымдастыруымен аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, академик, қазақтың аңыз, абыз ақсақалы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 110 жылдық мерейтойына арналған «Біздің даңқты бабамыз - Дінмұхамед Қонаев» тақырыбында 6-10 сынып оқушылары арасында 22 оқушы қатысып, өзара мықтыны анықтады. Ғылыми конференцияда 6-сынып оқушылары мен 10-сынып оқушылары бөлек сайысқа түсті.
5 "Ә" сынып оқушысы Мұхитжанқызы Райхан Менің Отаным Қазақстан" тақырыбында өткізілген аудандық ән байқауына қатысып, Бас жүлдеге ие болды.
07
февраль
2022
5 "Ә" сынып оқушысы Мұхитжанқызы Райхан Менің Отаным Қазақстан"
Мамандандырылған лицейдің 5 "Ә" сынып оқушысы Мұхитжанқызы Райхан "Жас Қыран" және "Жас Ұлан" ұйымы бойынша "Менің Отаным Қазақстан" тақырыбында өткізілген аудандық ән байқауына қатысып, Бас жүлдеге ие болды. Оқушымызды айтулы жетістігімен құттықтаймыз!
"Есірткісіз болашақ" тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
07
февраль
2022
"Есірткісіз болашақ" тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
N178 мамандандырылған лицейде 7-8 сынып оқушыларына "Есірткісіз болашақ" тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: оқушыларға есірткі заттарының, ішімдік ішу мен темекі тартудың, нашақорлықтың жас ағзаға тигізер зиянды әсері, өкінішке ұрындырар, келешек өмірлеріне келтірер кесапаты туралы түсінік беру. Ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан-жақты меңгерту. Зиянды әдеттерден аулақ болып, өзін де, өзгені де зиянды әдеттердің қасіретінен қорғай білуге, салауатты өмір сүруге
Алматы қаласындағы "Интердент" жоғары медициналық колледжі талапкерлерге үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
05
февраль
2022
Алматы қаласындағы "Интердент" жоғары медициналық колледжі
№178 мамандандырылған лицейде 3 ақпан күні 9-11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында Алматы қаласындағы "Интердент" жоғары медициналық колледжінің спикерлері ЖМК туралы ақпаратпен бөлісіп, оқу бағдарламалары оның ерекшеліктері мен жеңілдіктері жайында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Лицейіміздің 6 "Ә" сынып оқушысы Ойықбай Алан бокстан өткен қалалық турнирге қатысып, І орын иегері атанды.
04
февраль
2022
Лицейіміздің 6 "Ә" сынып оқушысы Ойықбай Алан бокстан өткен қалалық
Мамандандырылған лицейдің 6 "Ә" сынып оқушысы Ойықбай Алан бокстан өткен қалалық турнирге қатысып, І орын иегері атанды. Оқушымызды кезекті жетістігімен құттықтаймыз! Алар асуларың көп болсын!