Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Өрт қауіпсіздігі, техника қауіпсіздігі" тақырыбында лицейде сынып сағаттары өткізілді.
06
сентябрь
2022
"Өрт қауіпсіздігі, техника қауіпсіздігі" тақырыбында лицейде сынып
   №178 мамандандырылған лицейде "Өрт қауіпсіздігі, техника қауіпсіздігі" тақырыбында 6-11 сыныптарға сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: Балалардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастырып, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру болып табылады.    Өрт – бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы. Өрт оқиғалары негізінен тұрғын секторда
Дарынды және талантты балалардың ғылыми жобалар сайысына дайындық жұмыстары басталды.
06
сентябрь
2022
Дарынды және талантты балалардың ғылыми жобалар сайысына дайындық
   "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен жыл сайын дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау мақсатында ғылыми жобалар сайысы өткізіліп отырады. 2022-2023 оқу жылында да №178 мамандандырылған лицейдің дарынды шәкірттері мен талантты ұстаздары бірлесе жұмыс жасап, ғылыми жаңалықтар ашуға дайын. Функционалдық білім мен тәрбие беру арқылы рухани бай, бәсекеге қабілетті жалынды жастарымыз көп болғай!
«Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауын талқылау және түсіндіру бойынша жиын өтті.
05
сентябрь
2022
«Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауын талқылау
✔️ 2022 жылғы 05 қыркүйекте №178 мамандандырылған лицейде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауын талқылау және түсіндіру бойынша жиын өтті. Жиынға 137 мұғалім қатысты. ✔️Лицей директоры Қайратбек Шадиев өз баяндамасында мемлекет басшысының Жолдауында айтылған экономикалық даму, мемлекеттік басқару ісін жаңғырту, өнеркәсіпті күшейту, білім және ғылым, мәдениет, бизнес салаларына айқын тоқталды. ✔️ Сөз соңында, лицей ұжымын мемлекет басшысы
“Алматы дарыны” дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының грамотасымен марапатталды.
05
сентябрь
2022
“Алматы дарыны” дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және
    №178 мамандандырылған лицейдің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кутумов Берик Набиевич жас ұрпаққа өнегелі тәрбие мен сапалы білім берудегі жоғары жетістіктері мен шеберлігі үшін “Алматы дарыны” дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының грамотасымен марапатталды.  
“Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық" тақырыбында сынып сағаттар өткізілді
02
сентябрь
2022
“Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық" тақырыбында сынып
N178 мамандандырылған лицейде жас ұрпақтың бойына елге сүйіспеншілік, еңбекке қызығушылық, тұлғалық даму құндылығын дарытуға арналған, қоғам талабына сай өз тілін сүйетін, білімді, өнерлі, ақыл-парасатты азаматтарды тәрбиелеуге жетелейтін жалпы сынып сағаты өткізілді. 6-11 сыныптар арасында өтілген сынып сағаты “Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық" тақырыбында жоғарыда айтылған құндылықтарды зерделей отырып, оқушылардың өзара пікірлесіп, ой тұжырымдарын айтуға мүмкіндік берді.
"Терең білім - еңбекқорлық және отаншылдық қасиет" атты алғашқы қоңырау салтанаты өткізілді.
01
сентябрь
2022
"Терең білім - еңбекқорлық және отаншылдық қасиет" атты алғашқы
    Лицейімізде 1 қыркүйек - Білім күніне орай 6-11 сыныптар арасында "Терең білім - еңбекқорлық және отаншылдық қасиет" тақырыбында алғашқы қоңырау салтанаты өткізілді. Салтанатты іс-шараның мақсаты: жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушыларды жаңа оқу жылының жағымды да, жақсы жаңалықтарын тілге тиек етіп, жазғы демалыстан келген оқушыларымыздың бойына көтеріңкі көңіл-күй мен лицей атмосферасын қалыптастыру.      Алғашқы қоңырауда Алатау ауданының әкімінің орынбасары Бесиров Ертіс
Орта білім беру ұйымдарындағы ағылшын тілі мұғалімдерінің сессия жұмысы өткізілді.
26
август
2022
Орта білім беру ұйымдарындағы ағылшын тілі мұғалімдерінің сессия
    Тамыз айының 26 күні Алматы қаласы Білім басқармасы Орта білім беру ұйымдарындағы ағылшын тілі мұғалімдерінің сессия жұмысының кезекті «Тамыз кеңесі» өткізілді. Оқу сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылған кеңесте №178 мамандандырылған лицейдің ағылшын тілі пәні мұғалімі Досқожаева Нұргүл Елшібекқызы «Teaching English through songs» тақырыбында интерактивті алаң құрып, жас ұрпақ бойына сапалы білім және ұлттық құндылық қалыптастырудағы шығармашылық табыстары үшін құрмет грамотасымен
Лицейіміздің 6 "Ә" сынып оқушысы Диляра Темирхали триатлоннан ІІІ орынға ие болды
24
август
2022
Лицейіміздің 6 "Ә" сынып оқушысы Диляра Темирхали триатлоннан ІІІ
Лицейіміздің 6 "Ә" сынып оқушысы Диляра Темирхали Қонаев қаласында триатлон спорт түрі бойынша өткен облыстық біріншілікте жүлделі ІІІ орынға ие болды. Құтты болсын!
Лицей ұжымы "Alatau Creative Hub" орталығының директоры Айгүл Мәлікқызының алғыс хатымен марапатталды.
23
август
2022
Лицей ұжымы "Alatau Creative Hub" орталығының директоры Айгүл
Лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы "Alatau Creative Hub" орталығының директоры Айгүл Мәлікқызының алғыс хатымен марапатталды. Биылғы жазғы демалыс кезінде лицейіміздің "Volunteers_of178" еріктілер тобының оқушылары аталған орталықта ауданымыздың бастауыш сынып оқушыларына тегін сабақ беруге сенім білдіргені үшін арнайы алғыс білдірілген.  
"Физика пәні мұғалімінің кәсіби құзерттілігін дамыту" тақырыбындағы облыстық тәжірибелік семинарға лицей ұжымы белсене қатысты
22
август
2022
"Физика пәні мұғалімінің кәсіби құзерттілігін дамыту" тақырыбындағы
Қазақ және орыс тілінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының физика пәні мұғалімдеріне арналған "Физика пәні мұғалімінің кәсіби құзерттілігін дамыту" тақырыбындағы облыстық тәжірибелік семинарға белсене қатысқан үшін N178 мамандандырылған лицей директоры Шадиев Кайратбек Хамзаханович "Өрлеу" БАҰО" АҚ Алматы облысы кәсіби даму институты филиалы директорының  құрмет грамотасымен  марапатталды