Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Лицейде "IDEA BOX" сенім жәшігі оқушылардың ұсыныстарын қабылдауда.
15
сентябрь
2022
Лицейде "IDEA BOX" сенім жәшігі оқушылардың ұсыныстарын қабылдауда.
Лицей Президенті Мұқаш Ермұхан мен вице-президенті Байжұма Бексұлтанның ұйымдастыруымен "IDEA BOX" сенім жәшігі лицейіміздің бірінші блогына қойылды. Сенім жәшігіне оқушыларымыз өздерінің ұсыныстарын білдіріп, көкейтесті сұрақтарын қоя алады. Мақсаты: лицейіміздегі маңызды, қызықты, өзекті іс-шараларды ұйымдастыру. Сәттілік, оқушылар!
Лицейде «Аналар күні»/ ЖЖЕ/ Бала агрессиясының алдын алу» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
14
сентябрь
2022
Лицейде «Аналар күні»/ ЖЖЕ/ Бала агрессиясының алдын алу» тақырыбында
   №178 мамандандырылған лицейде 6-11 сыныптар арасында «Аналар күні»/ ЖЖЕ/ Бала агрессиясының алдын алу» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: Адамға не қасиет болса да бәрі де күннің көзі мен ананың сүтінен жаралған. Аналарға деген сүйіспеншілікке баулу, өздерінің, сүйікт аналарына деген балалық махаббатын ана еңбегін ақтап, есе ардақтап құрметтеуге, балалардың жүрегені «Ана» деген есімді мәңгі ұялату. Жолда жүру ережесі туралы ақпарат беру.
Отбасы күніне орай 6-9 сынып оқушылары "Отбасы–бақыттың кілті" тақырыбында эссе жазды.
13
сентябрь
2022
Отбасы күніне орай 6-9 сынып оқушылары "Отбасы–бақыттың кілті"
N178 мамандандырылған лицейде Отбасы күніне орай 6-9 сынып оқушылары "Отбасы–бақыттың кілті" тақырыбында эссе жазды. Мақсаты: өскелең ұрпақты өз отбасына деген сүйіспеншілігін арттыру, бауырмалдық, мейрімділік сезімін ояту, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор жасау, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.
«IQ Almaty» зияткерлік додасына лицейіміздің 11 "Ж"  сынып оқушылары  қатысты.
13
сентябрь
2022
«IQ Almaty» зияткерлік додасына лицейіміздің 11 "Ж" сынып оқушылары
"ALMATY TV" телеарнасында жалпы пәндер бойынша өткізілген «IQ Almaty» зияткерлік додасына лицейіміздің 11 "Ж" сынып оқушылары қатысты. Ойын соңында ең жоғары нәтиже көрсеткен Болат Тамерлан 220 ұпаймен финалға өтті. Финалда Тамерланға сәттілік тілейміз!
"Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" тақырыбында панельдік сессия өтті.
12
сентябрь
2022
"Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" тақырыбында
№178 мамандандырылған лицейде 2022-2023 жаңа оқу жылының алғашқы аптасында "ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ" тақырыбында тарих пәнінің мұғалімі Сатов Ерғали панельдік сессия өткізді. Панельдік сессияда ҚР Президенті Қасым Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына жасаған кезекті жолдауына шолу жасалды. Атап айтсақ, Реформаның нақты бағдарлары; Жаңа экономикалық саясат; Нақты секторды дамыту; Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция; Мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту; Заң
Лицейіміздің 7«В» сынып оқушысы Ержан Дияр өз отбасымен «Мерейлі отбасы-2022» ұлттық байқауының қалалық кезеңіне қатысты.
12
сентябрь
2022
Лицейіміздің 7«В» сынып оқушысы Ержан Дияр өз отбасымен «Мерейлі
№178 мамандандырылған лицейдің 7«В» сынып оқушысы Ержан Дияр өз отбасымен «Мерейлі отбасы-2022» ұлттық байқауының қалалық кезеңіне қатысты.Өнегелі отбасылық құндылықтарды дәріптеуге өз үлестерін қосқандары ескерусіз қалмады.Алатау ауданының әкімі А.Қалдыбековтен Алғыс хат және мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен әр түрлі сыйлықтар алды. Жанұядағы балалар әр түрлі үйірмелерге қатысады.Дияр футболдан жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Үлгілі ата-ана отбасындағы тәрбиемен қоса өз
Лицей оқушыларына "Құқық бұзушылықтың алдын алу - басты міндет" такырыбында түсіндірмелі жұмыстары жүргізілді.
09
сентябрь
2022
Лицей оқушыларына "Құқық бұзушылықтың алдын алу - басты міндет"
Алатау ауданы ЖПҚБ ЮПБ инспекторы полиция капитаны Халмырзаев Темирбек Махкамович құқық бұзушылықты алдын алу мақсатында 6,9,10,11 сынып оқушыларына "Құқық бұзушылықтың алдын алу - басты міндет" такырыбында түсіндірмелі жұмыстарын жүргізді.  
“Тіс ауруының алдын алу және дұрыс тазалау” және “Ішек құрт инфекциясы” тақырыбында N29 қалалық емхана дәрігерлері  баяндама оқыды
08
сентябрь
2022
“Тіс ауруының алдын алу және дұрыс тазалау” және “Ішек құрт
N178 мамандандырылған лицейде 8 қыркүйек 2022 жылы 9-11 сынып оқушыларына “Тіс ауруының алдын алу және дұрыс тазалау” және “Ішек құрт инфекциясы” тақырыбында N29 қалалық емхана дәрігерлері Исаева Жанат Фазилқызы, Торламбай Әсел Ақметқалиқызы баяндама оқыды. Баяндама соңында оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
«Зерттеу және жобалау қызметі арқылы дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында  "Жоғары политехникалық колледжі»мамандарымен тәжірибе алмасу мақсатында онлайн кездесу өтті.
08
сентябрь
2022
«Зерттеу және жобалау қызметі арқылы дарынды балалармен жұмысты
🔰 Жаңа оқу жылын №178 мамандандырылған лицей ІТ саласындағы жаңа серіктестермен өз жұмысын бастады. Атап айтқанда, 2022 жылдың 7-қыркүйек күні «Зерттеу және жобалау қызметі арқылы дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында Талдықорған қаласы "Жоғары политехникалық колледжі» мамандарымен тәжірибе алмасу мақсатында онлайн кездесу өтті. Кездесу барысында білім ордамыздың дарынды шәкірттері: 🔸 Робототехника саласы бойынша дарынды балалармен жұмысты қалай ұйымдастыру керек? 🔹 Тәжірибелік
6-8 сынып оқушыларына «Жол ережесі туралы не білеміз?» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
07
сентябрь
2022
6-8 сынып оқушыларына «Жол ережесі туралы не білеміз?» тақырыбында
№178 мамандандырылған лицейде 6-8 сынып оқушыларына «Жол ережесі туралы не білеміз?» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: оқушыларды жауапкершілікке, сергектікке, жол ережесін бұлжытпай сақтауға тәрбиелеу.