Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Шаңырақ» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 1-қазан Қарттар күніне арналған «Қариясын қадірлеген елде  қасиет бар!» атты мерекелік іс-шара өтті.
28
сентябрь
2023
«Шаңырақ» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 1-қазан Қарттар
     Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – ол баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Қарт кісіні құт-береке деп танысақ – ол ұрпақ көрегендігі.       2023 жылғы 28 қыркүйекте «Шаңырақ» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 1-қазан Қарттар күніне арналған «Қариясын қадірлеген елде  қасиет бар!» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шара мақсаты - оқушыларға ұлттық қадір-қасиеттер, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге
Лицейіміздің биылғы түлектері "Майталман маман иесі бол, Дұрыс таңдау жаса!" тақырыбында эссе жазды.
27
сентябрь
2023
Лицейіміздің биылғы түлектері "Майталман маман иесі бол, Дұрыс таңдау
    Лицейіміздің биылғы түлектері - 11-сынып оқушылары мамандық таңдау мақсатында "Майталман маман иесі бол, Дұрыс таңдау жаса!" тақырыбында эссе жазды.  Мақсаты: 11-сыныпқа қадам басқан оқушыларға алдын ала маңызды ақпараттарды беріп, олардың мамандық таңдауына ықпал ету. Сондай-ақ эссе оқушылардың қандай мамандықтарға сұранысы жоғары екенін анықтау мақсатында алынды.
Лицей оқушылары кәсіби бағдар беру бойынша "Alpha Academy" білім беру орталығы ұйымдастырған форумға қатысты.
27
сентябрь
2023
Лицей оқушылары кәсіби бағдар беру бойынша "Alpha Academy" білім беру
     Лицей оқушылары "Alpha Academy" білім беру орталығы ұйымдастырған оқушыларға кәсіби бағдар беру, әлемнің үздік университеттеріне қалай грантқа түсу, пәндік олимпиадаларда қалай жеңімпаз атану, т.б. бағытта Алматы қаласының оқушыларымен өткен форумға қатысты. Белсенді шәкірттеріміз академияның арнайы сыйлықтарымен марапатталып, маңызды ақпараттармен ой бөлісті.      Кең көлемде шараны өткізгені үшін ұйымдастыру алқасына өз алғысымызды білдіреміз!
«Қарты бар үйдің, қазынасы бар!» атты сурет көрмесі өткізілді.
27
сентябрь
2023
«Қарты бар үйдің, қазынасы бар!» атты сурет көрмесі өткізілді.
     2023 жылдың 27 қыркүйегінде көркем еңбек пәні мұғалімінің ұйымдастыруымен «Қарты бар үйдің, қазынасы бар!» атты сурет көрмесі өткізілді. Көрмеге 7-8 сынып оқушылары өз туындыларын ұсынып, ашықхаттар дайындады.
«Тұран» университетінің «SIRIUS» интелектуалды дебат клубы лицейіміздің «Алаш жастары» дебат клубымен бірлесе лицей оқушыларына көрс
26
сентябрь
2023
«Тұран» университетінің «SIRIUS» интелектуалды дебат клубы
📚Лицей оқушыларының белсенді азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру, өскелең ұрпақ арасында өзін-өзі білім қажеттілігін дамыту, шешендік өнерге үйрету мақсатында Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы Дебат қозғалысы фракциясы бойынша 3 тілде дебат клубтары жұмыс жасауда. Соның ішінде, екіжақты келісімшарт негізінде «Тұран» университетінің студенттік лигасы «SIRIUS» интелектуалды дебат клубы лицейіміздің «Алаш жастары» дебат клубымен бірлесе лицей оқушыларына көрсетілім-ойын өткізді.
"Кітапханаға кітап сыйла” акциясы жалғасуда.
25
сентябрь
2023
"Кітапханаға кітап сыйла” акциясы жалғасуда.
     “Кітапханаға кітап сыйла” акциясына өз үлестерін қосу мақсатында №178 мамандандырылған лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Аметова С.У. және Женсикбаева Н.Б. мақал-мәтелдер жинағы мен оқырмандардың туған жерге деген сүйіспеншілігін, патриоттығын арттыруда  өлеңдер жинағын сыйға тартты.      “Кітапханаға кітап сыйла” акциясының әлі де аяқталмағандығын еске салып, сіздерді де атсалысуға шақырамыз!
Қамқоршылық кеңесінің отырысы №2 хаттама
25
сентябрь
2023
Қамқоршылық кеңесінің отырысы №2 хаттама
Қамқоршылық кеңестің №2 отырысында қаралған мәселелер:1. 25-қазан Республика күніне орай мереке құрметіне "№178 мамандандырылған лицей" КММ-нің қызметкеріне сыйақы беру туралы.2. 2023-2024 оқу жылы бойынша №178 мамандандырылған лицейдің кіріс-шығыс есебімен таныстыру. 3. Сенім телефонымен сенім жәшігі жұмысының жүргізілуін ұйымдастыру.
✨Ағымдағы оқу жылында лицейге конкурс негізінде қабылданған оқушылардың алғашқы жеңісі!
25
сентябрь
2023
✨Ағымдағы оқу жылында лицейге конкурс негізінде қабылданған
     ♟️ Қалалық шахмат турнирінде 14 жаска дейінгі жасөспірімдер арасында ағымдағы оқу жылында лицейге қабылданған 7 «Г» сынып оқушысы Нұрбақыт Ерсұлтан I орын, 4 разрядқа дейінгі оқушылар арасында 7 «Г» сынып оқушысы Қуаныш Мейірлан I орынды жеңіп алды. 🏆 Жеңістеріңіз бен жетістіктеріңіз көп болсын!
10 "Е" сынып оқушысы Иса Ботакөз "Shapagat Cup I" қалалық пікірсайыс турнирінде жеңімпаз атанды.
25
сентябрь
2023
10 "Е" сынып оқушысы Иса Ботакөз "Shapagat Cup I" қалалық пікірсайыс
     Алматы қаласы бойынша Оқушылар сарайында 30 команда арасында "Shapagat Cup I" қалалық пікірсайыс турнирінде №178 мамандандырылған лицейдің 10 "Е" сынып оқушысы Иса Ботакөз 1-орын иеленіп, жеңімпаз атанды.         Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рапилова Эльмира Жанатқызы
«Туған жерім – мақтанышым» тақырыбында лицейішілік айтыс өткізілді.
22
сентябрь
2023
«Туған жерім – мақтанышым» тақырыбында лицейішілік айтыс өткізілді.
     «Төрт тоқсан – төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында «Туған жерім – мақтанышым» тақырыбында лицейішілік айтыс өткізілді. Айтысқа 8-11 сынып оқушылары қатысып, тартысты өнер көрсетті.        Айтыс мақсаты: ұлттық рух пен патриотизмді, өз халқына және оның дәстүрлеріне құрмет сезімін тәрбиелеу, эмоционалды интеллекті қалыптастыру, айтысты қазақ халқының ұлттық құндылығы, шешендік өнердің баға жетпес мұрасы ретінде дәріптеу арқылы дарынды шығармашыл жастарды анықтау.