28
апрель
2026
«Педагогикалық университетпен танысу»
Кәсіби бағдар беру аясында лицейдің 10-сынып оқушылары Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті-інде өткен «ашық есік» күніне қатысты. Бұл шара оқушыларға педагогикалық мамандықтардың ерекшеліктерін танып-білуге және болашақ оқу орнын таңдауға мүмкіндік берді.
Іс-шара барысында университет оқытушылары мен студенттері білім беру бағдарламалары, қабылдау шарттары және студенттік өмір туралы жан-жақты ақпарат ұсынды. Әсіресе, педагогика, психология және пәндік оқыту бағыттары оқушылардың қызығушылығын арттырды. Сонымен қатар, қатысушылар оқу аудиторияларын аралап, сабақ өткізу әдістерімен және заманауи білім беру технологияларымен танысты.
Кездесу барысында оқушылар өз сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды. Бұл олардың болашақ мамандықты саналы түрде таңдауына үлкен септігін тигізді.
Қорытындылай келе, «ашық есік» күні оқушылар үшін маңызды әрі пайдалы тәжірибе болды. Мұндай іс-шаралар жастардың кәсіби бағдарын айқындап, білім алуға деген ынтасын арттырады.
