Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
апрель
2026

Ашық есік күні – болашаққа қадам

Кәсіби бағдар беру аясында лицейдің 10-сынып оқушылары Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті-нің механика-математика факультетінде өткен «ашық есік» күніне қатысты. Бұл іс-шара оқушыларға жоғары білім беру жүйесімен танысып, өз қабілеттеріне сай мамандық таңдауға мүмкіндік берді. Іс-шара барысында факультет оқытушылары мен студенттері оқу бағдарламалары, ғылыми зерттеулер және болашақтағы мамандықтар туралы толық ақпарат ұсынды. Әсіресе, қолданбалы математика, механика және IT бағыттары оқушылардың қызығушылығын тудырды. Сонымен қатар, қатысушылар зертханаларды аралап, оқу процесінің ерекшеліктерімен танысты.

Кездесу барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Бұл олардың болашақ мамандықты саналы түрде таңдауына оң әсер етті.
Қорытындылай келе, «ашық есік» күні оқушылар үшін өте маңызды тәжірибе болды. Мұндай іс-шаралар жастарға өз жолын дұрыс таңдауға бағыт беріп, білімге деген ынтасын арттырады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: