Тәуелсіздік – ұлт рухының мәңгілік нышаны
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай лицейіміздің “Тамшы” театрының жас өнерпаздары мен 8 «Б» сынып оқушылары директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дүйсенбаева Мөлдір Үсенқызы мен математика пәнінің мұғалімі Окпебаева Салтанат Каджимуратовнаның ұйымдастыруымен 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні “Желтоқсан” монументіне барып, гүл шоғын қойды. Аталған іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа ел тәуелсіздігінің тарихи маңызын түсіндіру және патриоттық тәрбие беру.