Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Ноябрь 2022 года » Страница 3
"Geography. A lake or a sea" және "Труд кормит человека" тақырыптарында ашық сабақтарын өткізілді.
23
ноябрь
2022
"Geography. A lake or a sea" және "Труд кормит человека"
   Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасы айлығы аясында ағылшын тілі пәні мұғалімі Айтбағамбетова С. 7"В" сыныбында "Geography. A lake or a sea" және орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Каирбаева М. 8 "Б" сыныбында "Труд кормит человека" тақырыптарында ашық сабақтарын өткізді. Сабақтарда ақпараттық-коммуникативтік технология, креативті әдіс-тәсілдер тиімді қолданылды: QR-код арқылы сөздік жұмысы жүргізілді, инфаграфика, видеоинтервью. Сабақтар оқу мақсаттарына жетті.
«Ата-ананың тәрбиесі – бала мінезінің іргетасы" тақырыбында панелдік сессия өткізілді.
22
ноябрь
2022
«Ата-ананың тәрбиесі – бала мінезінің іргетасы" тақырыбында панелдік
    Тәрбие ешқандай "үзіліс", "демалыс күндер" дегенді білмейді. «Ұлды тәрбиелеп отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қызды тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» демекші, 22.11.2022ж. күні лицейімізде 9-сыныптар ата-аналарының жиналысы өтті.     «Ата-ананың тәрбиесі – бала мінезінің іргетасы" тақырыбында панелдік сессия ұйымдастырылып, әр сыныптан белсенді ата-ана өз пікірлерімен бөлісіп, бүгінгі бала тәрбиесіндегі тәжірибелердің үздік үлгілерін қалыптастырып, өздерінің үнемі дамып келе жатқан
"Дұрыс тамақтану" тақырыбында, 9 сынып оқушыларымен сынып сағаттары өткізілді
22
ноябрь
2022
"Дұрыс тамақтану" тақырыбында, 9 сынып оқушыларымен сынып сағаттары
      2022 жылдың 22 қараша күні, №178 мамандандырылған лицейде 9 сынып оқушыларымен "Дұрыс тамақтану" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Күз мезгілінде дұрыс тамақтанудың маңыздылығы, ағзамызға қаншалықты пайдалы екені айтып өтілді. Фастфуд тағамдарының зияны мен денсаулыққа кері әсері жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларға "Дұрыс тамақтану" ұғымын түсіндіру, пайдалы және зиянды тағамдарды ажырата білуге үйрету, салауатты өмір салтын насихаттау.
“Кәсіби бағдар беру”  бойынша тренинг жүргізілді.
21
ноябрь
2022
“Кәсіби бағдар беру” бойынша тренинг жүргізілді.
    Лицейіміздің 11-сынып оқушыларымен мамандық таңдауға байланысты Сүлеймен Демирел Университетінің ұйымдастыруымен “Eduprof” компаниясының директоры Ілияс Садвакасов “Кәсіби бағдар беру” бойынша тренинг жүргізді және психологиялық жаттығулар жасалынды.    
«Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.
21
ноябрь
2022
«Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас» тақырыбында жалпы
   Лицейіміздің кезекті жалпы ата-аналар жиналысы «Alatau Creative Hub» инновациялық орталығында жаңа форматта өткізілді. «Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас» тақырыбында ұйымдастырылған жиналысты лицей директоры Қ.Х. Шадиев ашып берді. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша 1) "Отбасындағы құндылық пен құралдың орынды іске асырылуы" Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің докторанты, тарихшы маман, оқытушы Сейтказиев Руслан Өмірғазыұлы баяндама жасады; 2) "Жақсы бала -
Мэлс Шерхан - қалалық "Жыл оқушысы-2022" байқауының жүлдегері!
18
ноябрь
2022
Мэлс Шерхан - қалалық "Жыл оқушысы-2022" байқауының жүлдегері!
   2022 жылғы 18 қарашада Республикалық «Жыл оқушысы - 2022» байқауының қалалық кезеңінің қорытындысы жарияланды. Осы байқауда №178 мамандандырылған лицейдің 6 сынып оқушысы Мэлс Шерхан жүлделі ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі - Ж.Н. Ахметова. Дарынды шәкіртіміздің жеткен жетістігімен лицейіміздің атынан шын жүректен құттықтаймыз!