Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Февраль 2022 года » Страница 22
Мамандандырылған мектептерге оқуға түсу үшін ӨТІНІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУҒА арналған тіркеудің басталатындығы туралы
03
февраль
2022
Мамандандырылған мектептерге оқуға түсу үшін ӨТІНІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУҒА
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2022-2023 оқу жылына мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға түсуге құжаттар қабылдауды бастайтындығын хабарлайды. Құжаттарды қабылдау 2022 жылғы 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында www.qabyldau.daryn.kz сайтында онлайн-тіркеу түрінде жүзеге асырылады. Тіркеуден өзіңіз таңдаған мамандандырылған білім беру ұйымының қабырғасында көрсетілген мерзім аралығында өтуге болатындығын хабарлаймыз. Толық ақпарат www.qabyldau.daryn.kz сайтында. ======
"Мұздағы қауіпсіз" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
03
февраль
2022
"Мұздағы қауіпсіз" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
N178 мамандандырылған лицейде 5-11 сынып оқушыларына "Мұздағы қауіпсіз" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: мұз айдындарындағы қауіпсіздік ережелері туралы оқушыларға мағлұмат беру.
"Бөбек" қайырымдылық қорының Президенті, "Өзін-өзі тану бағдарламасының авторы - Сара Алпысқызының туған күніне орай ұйымдастырылған көрме
03
февраль
2022
"Бөбек" қайырымдылық қорының Президенті, "Өзін-өзі тану
    №178 мамандандырылған лицейдің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Ш.А. Асилова 5-сынып оқушылары "Бөбек" қайырымдылық қорының Президенті, "Өзін-өзі тану" бағдарламасының авторы, қазақстандық балалардың рухани анасы - Сара Алпысқызының туған күніне орай ұйымдастырылған кітапханадағы көрмеге қатысты.
"Өзін-өзі тану: "Махаббат және Шығармашылық педагогикасы" атты онкүндігінің ашылу салтанаты өткізілді.
03
февраль
2022
"Өзін-өзі тану: "Махаббат және Шығармашылық педагогикасы" атты
№178 мамандандырылған лицейде 2022 жылдың 01-11 ақпан күндері өтетін "Өзін-өзі тану" адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының авторы С.А.Назарбаеваның мерейтойына арналған "Өзін-өзі тану: "Махаббат және Шығармашылық педагогикасы" атты онкүндігінің ашылу салтанаты өткізілді. Онкүндік мақсаты: оқушыларға рухани-адамгершілік білім беру, жалпы адамзаттық құндылықтарға тәрбиелеу.
Менің сыныптасым» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
03
февраль
2022
Менің сыныптасым» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Жаратылыстану кафедрасының онкүндігінің аясында №178 мамандандырылған лицейдің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Ниязбек Ұлбосын 8 «Ж» сынып оқушыларымен «Менің сыныптасым» тақырыбында ашық сабақ өткізді.Сабақ барысында оқушыларға «адал дос», «қарым-қатынас», «бауырмашылдық» ұғымдарын түсіндіру арқылы сыныптағы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашты. Сабақта интерактивті ойындар, топтық жұмыстар, сергіту сәті өте орынды жүргізіліп, сабақ жоғары деңгейде өтті.
«Болашақтың негізін бізбен бірге қала!» ұранымен KazGASA-ның білім беру бағдарламалары таныстырылды.
02
февраль
2022
«Болашақтың негізін бізбен бірге қала!» ұранымен KazGASA-ның білім
2022 жылдың ақпан айының 1 жұлдызында еліміздің жоғары оқу орындарының арасында ерекше орны бар Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы халықаралық білім беру корпорациясының білікті мамандары мен №178 мамандандырылған лицейдің түлектері арасында кәсіптік бағдар беру бойынша кездесу өтті. Кездесу барысында «Болашақтың негізін бізбен бірге қала!» ұранымен бакалавриат бағыты бойынша KazGASA-ның білім беру бағдарламаларымен таныстырып өтті. Сәулет, сән, дизайн, түрлі материалдар өндірісі т.б. мамандық
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсына дайындық жалғасуда.
02
февраль
2022
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар
Жаңа жылдың басталуымен жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсынан республикалық кезеңге жолдама алған ізденімпаздарымыздың дайындығы қызу үстінде. Болашақ ғалымдарымыз еліміздің ғылым саласына өз үлесін қосып жүргені көңіл қуантады. Талантты жас зерттеушілердің талапты бұлжытпай орындап, жоғары дайындықта жүргені жүрекке жылу ұялатады. Республика деңгейінде №178 мамандандырылған лицейдің көк байрағын көк аспанға көтеретін жас ғалымдарымызға сенім білдіріп, сәттілік тілейміз!