Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Февраль 2022 года » Страница 17
Талантты оқушыларға талапты білім ордасы!
10
февраль
2022
Талантты оқушыларға талапты білім ордасы!
«Талантты оқушыларға талапты білім ордасы!» атты ұранмен 2022 жылдың 8 ақпан күні Ортаазиялық техника-экономикалық колледжінің мамандары кәсіптік бағдар беру мақсатында №178 мамандырылған лицейдің 9 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Болашақта білікті, жоғары дәрежелі маман болу үшін адамда қандай қасиеттер болу керектігі жайлы пайдалы мәліметтер айтылып, елімізге қажетті мамандық түрлерімен таныстырып өтті. Заман талабына сай компьютерлік технология, робототехника саласы, ІТ, радиотехника мен
"Эмоционалдық сауаттылық деген не?" тақырыбында тренинг.
10
февраль
2022
"Эмоционалдық сауаттылық деген не?" тақырыбында тренинг.
Біздің көңіл-күйіміз үшін ең маңызды және қызықты факторлардың бірі эмоционалдық сауаттылық болып табылады. Осыған орай, №178 мамандандырылған лицейде педогог-психолог Ш.С. Асилова 7-сынып оқушыларымен "Эмоционалдық сауаттылық деген не?" тақырыбында тренинг өткізді. Оқушылар тренинг барысында өз-өздерін түсінуге, эмоцияны қалай қолдануға болатындығын және басқаларды эмоциялық жағынан түсінуге үйренді.
Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігі
10
февраль
2022
Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігі
№178 мамандандырылған лицейде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша 8 "А" сынып жетекшісі Г.Н.Ильясова "Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігі" ережелерінің негізгі талаптарымен ZOOM платформасында түсіндірме жұмысын жүргізді. Мақсаты: табиғатта болатын төтенше жағдайлар туралы мәлімет беру. Төтенше жағдайларда болуы ықтимал апат оқиғаларында өздеріне, төңіректегілерге жәрдем көрсете білудің қарапайым жолдарын меңгерту.
"Электронды темекінің зияны" тақырыбында түсіндірме жұмыс.
10
февраль
2022
"Электронды темекінің зияны" тақырыбында түсіндірме жұмыс.
№178 мамандандырылған лицейде 8 ақпан күні 6 "А" сынып жетекшісі Ж.Ноғайбаева "Электронды темекінің зияны" тақырыбы бойынша ZOOM платформасында түсіндіру жұмысын жүргізді. Мақсаты: жасөспірімдердің әуесқой заттардан бойын аулақ ұстауын, салауатты өмір салтын ұстану туралы түсінік беру.
"Электронды темекі - адамның өзін-өзі алдауы" тақырыбында зерттеушілік әңгіме жүргізілді.
10
февраль
2022
"Электронды темекі - адамның өзін-өзі алдауы" тақырыбында
⏹ “Қазақстан–2030” бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі 3 бағытта күрес жүргізу керектігі айтылған. 1️⃣ бағыт: «Темекі шегуді тоқтату»; 2️⃣ бағыт: «Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес»; 3️⃣ бағыт: «Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес». ▶️ «Темекі шегуді тоқтату» бағытын негізге ала отырып, №178 мамандандырылған лицейде салауатты өмір салтын ұстануда күнделікті іс-шаралар өткізілуде. Атап айтқанда, 8 ақпан күні 9-сыныптар арасында "Электронды темекі -
«Қайырымдылық – жер бетінде!», «Ризамын бүгінге!» атты флешмоб өткізілді.
09
февраль
2022
«Қайырымдылық – жер бетінде!», «Ризамын бүгінге!» атты флешмоб
№178 мамандандырылған лицейде «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты апталық іс-шара жоспарын жүзеге асыру барысында 2022 жылдың 08 ақпанында күні 7-8 сыныптар арасында «Қайырымдылық – жер бетінде!», «Ризамын бүгінге!» атты флешмоб өткізілді. Флешмобтың өткізу мақсаты: өскелең жас ұрпақты өз елінің патриоты болуына, елін сүюге, қадірлей білуге тәрбиелеу. Флешмоб өте қызықты және көңілді өтті.
«Ән – көңілдің ажары» атты оқушылар арасында ән фестивалі өткізілді.
09
февраль
2022
«Ән – көңілдің ажары» атты оқушылар арасында ән фестивалі өткізілді.
⚜️ №178 мамандандырылған лицейде «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты апталық іс-шара жоспарын жүзеге асыру барысында 2022 жылғы 7 ақпанда «Ән – көңілдің ажары» атты оқушылар арасында ән фестивалі өткізілді. 💫 Фестивальге 5-6-сынып оқушылары қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған оқушылар: 🥇 Мұхитжанқызы Райхан, Төлеуғали Ерасыл; 🥈Мерекеқызы Ділназ, Өмірсерік Айдана; 🥉Алмұрат Аяулым, Исағали Айтолқын, Сатыбалды Махаббат. ⚜️
Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі
09
февраль
2022
Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі
   Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақ құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына ықпалын тигізеді. Осы мәселелер бойынша 7-сынып оқушыларымен "Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі" тақырыбында онлайн форматта зерттеушілік әңгіме жүргізілді. Оқушылар бір-бірімен дұрыс тамақтанудың ережелері мен негізгі шарттары жайында пікір алмасты.