Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Февраль 2022 года » Страница 18
Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі
09
февраль
2022
Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі
   Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақ құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына ықпалын тигізеді. Осы мәселелер бойынша 7-сынып оқушыларымен "Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі" тақырыбында онлайн форматта зерттеушілік әңгіме жүргізілді. Оқушылар бір-бірімен дұрыс тамақтанудың ережелері мен негізгі шарттары жайында пікір алмасты.
"Кітап - мәңгілік парасаттың ең киелі ғибраты" тақырыбында оқу байқауы ұйымдастырылды.
08
февраль
2022
"Кітап - мәңгілік парасаттың ең киелі ғибраты" тақырыбында оқу
№ 178 мамандандырылған лицей мұғалімдері арасында "Кітап - мәңгілік парасаттың ең киелі ғибраты" тақырыбында оқу байқауы ұйымдастырылды. Байқауға көркем әдебиетті сүйіп оқитын лицей мұғалімдері Оралхан Бөкейдің "Кербұға" атты шығармасымен танысып, бағын сынай алады.
"Өзіңе деген махаббат - өмірге деген махаббат!" тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.
08
февраль
2022
"Өзіңе деген махаббат - өмірге деген махаббат!" тақырыбында
№178 мамандандырылған лицей психологтары Ж.А.Агажанова мен Г.Ж. Жамалова 10 сынып оқушыларымен "Өзіңе деген махаббат - өмірге деген махаббат!" тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Тренингтің негізгі мақсаты оқушылардың өзіне деген махаббатын жеке тұлға құндылықтарымен қалыптастырып, өз бетінше ізденіп, сөйлеу, ойлау әрекеттерін дамытуда түйінді ой қорытуға, шығармашылық тұлғалануға ықпал ету болды.
«Өзін-өзі тану: Махаббатпен шығармашылық педагогикасы» дәстүрлі онкүндігі аясында «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
08
февраль
2022
«Өзін-өзі тану: Махаббатпен шығармашылық педагогикасы» дәстүрлі
2022 жылғы 1-11 ақпан аралығындағы №178 мамандандырылған лицейде «Өзін-өзі тану: Махаббатпен шығармашылық педагогикасы» дәстүрлі онкүндігі аясында «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Адам өміріндегі ең игі істердің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Акция аясында көп балалы аз қамтылған 10 отбасыға азық-түлік және мектеп жабдықтары таратылды.
Лицейде “Оқуға құштар мектеп” жобасын жүзеге асыру мақсатында  “Кел, оқиық бірге” акциясы  жүзеге асырылуда.
08
февраль
2022
Лицейде “Оқуға құштар мектеп” жобасын жүзеге асыру мақсатында “Кел,
Лицейде “Оқуға құштар мектеп” жобасын жүзеге асыру мақсатында лицейдің кітапхана меңгерушісі Жунисбекова Гулшира Бактияркызының ұйымдастыруымен “Кел, оқиық бірге” акциясы жүзеге асырылуда. Мақсаты: оқушылардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру, кітап оқуға дағдыландыру.
📝1Lider.kz Республикалық дарынды оқушылар порталының қолдауымен ұйымдастырылған жалпы республикалық байқау нәтижесі.
08
февраль
2022
📝1Lider.kz Республикалық дарынды оқушылар порталының қолдауымен
📝1Lider.kz Республикалық дарынды оқушылар порталының қолдауымен ұйымдастырылған жалпы республикалық байқауға №178 мамандандырылған лицейдің 9 “Е” сынып оқушылары белсенді түрде қатысып, нәтижесінде: 🥇1 орын - Қонурбай Нұржан, Альфара Айкун, 🥈2 орын - Болат Нұрсұлтан, Аружан, Бекен Аружан, Құттыбай Ердаулет, Зикиров Абылай ие болды. Шығармашылық байқауда даралықтарын көрсетіп, ерекше өнерімен үздік танылған оқушыларды жеңістерімен құттықтаймыз!
«Жетістікке жету өз қолыңда» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.
08
февраль
2022
«Жетістікке жету өз қолыңда» тақырыбында психологиялық тренинг
№178 мамандандырылған лицей психологтары Ж.А. Агажанова мен Г.Ж. Жамалова 11 сынып оқушыларымен «Жетістікке жету өз қолыңда» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Тренинг мақсаты: жас жеткіншектердің болашақта тұлғалық дамуына,өмірде жетістікке жету әр адамның өзінің қолында екенін ұғындыру.
❇️ 31.01.2022-05.02.2022жж аралығындағы Алатау ауданы бойынша «әлеуметтік желідегі белсенді мектептер» рейтингісі.
08
февраль
2022
❇️ 31.01.2022-05.02.2022жж аралығындағы Алатау ауданы бойынша
Құрметті достар! ❇️ 31.01.2022-05.02.2022жж аралығындағы Алатау ауданы бойынша «әлеуметтік желідегі белсенді мектептер» рейтингісі жарияланды. Назарларыңызға 1 апта бойы парақшаны белсенді жүргізіп, барлық шартты орындаған мектептер тізімін ұсынамыз⬇️ Бұл аптада қатысушы мектептер саны 26 болып, белсенділік танытқан ҮЗДІК ОНДЫҚ анықталды. 1️⃣ №26 ЖББМ 2️⃣ №152 МГ 3️⃣ №180 ЖББМ 4️⃣ №178 МЛ 5️⃣ №169 МЛ 6️⃣ №154 ЖББМ , №185 ЖББМ 7️⃣ №179 ЖББМ 8️⃣ №181 ЖББМ 9️⃣ №41 ЖББМ 🔟 №150 ЖББМ
"Шылым шегудің адам ағзасына зияны" тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
08
февраль
2022
"Шылым шегудің адам ағзасына зияны" тақырыбында түсіндірме жұмыстары
№178 мамандандырылған лицейде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Н.Кутумов жас полиция көмекшілеріне "Шылым шегудің адам ағзасына зияны" тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: темекінің ағзаға тигізетін кері әсерін және одан туындайтын ауру түрлерін айта отырып, зиянды әсерін көрсету. Шылым шегудің зиянды жақтарын аша отырып, одан жиіркенуге, “темекі - у” екенін айтып түсіндіру. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, жат қылықтан аулақ болуға тәрбиелеу.
«Шығармашылықтың алтын бесігі» жобасы аясында аудан мектептерінің 5-10 сынып оқушылары  арасында үздік қол өнер онлайн байқауы өтетінін хабарлаймыз!
08
февраль
2022
«Шығармашылықтың алтын бесігі» жобасы аясында аудан мектептерінің
«Шығармашылықтың алтын бесігі» жобасы аясында аудан мектептерінің 5-10 сынып оқушылары арасында үздік қол өнер онлайн байқауы өтетінін хабарлаймыз! Өтетін орны: ZOOM платформасы Қатысатын мектептер: Алатау ауданы бойынша 26 мектеп оқушылары Өткізілетін түрі: қашықтан (онлайн) форматта. Уақыты: 25.02.2022 ж Байқаудың өткізілу шарттары:  Байқауға 5-6 сынып арасында оқушылар қатыса алады;  Әр мектептен 1-жұмыс қатысады;  Видео 3-5 минуттан аспау керек. Байқау 4 кезеңнен тұрады: 1-кезең: