Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Ноябрь 2021 года » Страница 6
"Адал ұстаз-2021" аудандық байқауының жеңімпазы анықталды
11
ноябрь
2021
"Адал ұстаз-2021" аудандық байқауының жеңімпазы анықталды
Мұғалімдердің мәртебесін арттыру, олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетке қосатын үлестерін көрсету және талантты, нағыз шығармашыл, адал ұстазды анықтау мақсатында Алатау ауданы мектептерінен іріктелген "Адал ұстаз" аудандық байқауында 19 мұғалім бақ сынады. Байқау нәтижесінде №178 мамандандырылған лицейдің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Абуова Жазира Зияшевна 1 орын иеленіп, байқау жеңімпазы атанды. Жазира Зияшовнаға шығармашылық табысы шыңдала беруін тілейміз!
«Зорлық-зомбылықсыз өмір» тақырыбында семинар өткізілді.
11
ноябрь
2021
«Зорлық-зомбылықсыз өмір» тақырыбында семинар өткізілді.
№178 мамандандырылған лицеймен №29 қалалық емханасының «Жастар денсаулық орталығының» психологтары бірлесіп 9-11 сыныптар арасында мәжіліс залында «Зорлық-зомбылықсыз өмір» тақырыбында семинар өткізілді. №29 қалалық емханасының "Жастар денсаулық орталығының" психологтары Беспаева Айнаш Нұрзадақызы "Алғыс айту парызым" жаттығуын жүргізді. Семинарда жүргізілген тренинг бойынша оқушылар кері байланыс жасап, өз пікірлерін білдірді.  
"Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам" байқауының қалалық кезеңі өткізілді.
10
ноябрь
2021
"Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам" байқауының қалалық кезеңі
Алматы қаласы Білім басқармасының "Алматы дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен Республикалық инновациялық идеялар "Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам" байқауының қалалық кезеңінде "Құрылыс облысындағы жобалар" номинациясы бойынша 1 орын алғаны үшін лицейіміздің 9 "И" сынып оқушысы Мұрат Мансұр марапатталды. Жетекшісі: Ахметов Бегалы
«Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» тақырыбында 5-6 сыныптар арасында, «Көк тайғақ кезіндегі қауіпсіздік» тақырыбында 7-8 сыныптар арасында, «Тұғыры биік көк Туым» тақырыбында 9-11 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді.
10
ноябрь
2021
«Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» тақырыбында 5-6 сыныптар
№178 мамандандырылған лицейде «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» тақырыбында 5-6 сыныптар арасында, «Көк тайғақ кезіндегі қауіпсіздік» тақырыбында 7-8 сыныптар арасында, «Тұғыры биік көк Туым» тақырыбында 9-11 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін, оның құрылу тарихын, мемлекеттік атрибуттардың мәні мен рөлін зерделету, авторларын таныстыру, жеке тұлғаның жағымды қасиеттерін, сезімдерін дамыту, талдау, салыстыра ой қорыта білу
"Қасиетті домбыра" атты домбырамен ән айту, күй тарту шығармашылық байқауына қатысып лицейіміздің 9 "Ж" сынып оқушысы Қадырбеков Мәди 1 орын иеленді.
09
ноябрь
2021
"Қасиетті домбыра" атты домбырамен ән айту, күй тарту шығармашылық
Қазақстан Республикасының 30 жылдығы мен Желтоқсанның 35 жылдығы аясындағы "Патриоттық рух-басты құндылық" жобасы бойынша Желтоқсан қаһармандарының азаматтық ерлігін насихаттау мақсатында оқушылар арасында өткен "Қасиетті домбыра" атты домбырамен ән айту, күй тарту шығармашылық байқауына қатысып лицейіміздің 9 "Ж" сынып оқушысы Қадырбеков Мәди 1 орын иеленген үшін марапатталды.
Лицей оқушылары "Игілікті іс" жобасы негізінде "Шаңырақ" әлеуметтік қызмет орталығына барып қайтты.
08
ноябрь
2021
Лицей оқушылары "Игілікті іс" жобасы негізінде "Шаңырақ" әлеуметтік
Мамандандырылған лицейдің 10 "Ғ" сыныбының оқушылары "Игілікті іс" жобасы негізінде "Шаңырақ" әлеуметтік қызмет орталығына барып, қазыналы қарттарымызға азық-түлік апарып, құрмет көрсетті. Жүрегі мейірімге толы саналы да, білімді, қамқор жастарымыз көп болсын. Қазыналы қарттарымызға құрмет көрсеткен лицейіміздің оқушыларына үлкен алғысымызды білдіреміз.