Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Адал ұстаз-2021" аудандық байқауының жеңімпазы анықталды
11
ноябрь
2021
"Адал ұстаз-2021" аудандық байқауының жеңімпазы анықталды
Мұғалімдердің мәртебесін арттыру, олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетке қосатын үлестерін көрсету және талантты, нағыз шығармашыл, адал ұстазды анықтау мақсатында Алатау ауданы мектептерінен іріктелген "Адал ұстаз" аудандық байқауында 19 мұғалім бақ сынады. Байқау нәтижесінде №178 мамандандырылған лицейдің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Абуова Жазира Зияшевна 1 орын иеленіп, байқау жеңімпазы атанды. Жазира Зияшовнаға шығармашылық табысы шыңдала беруін тілейміз!
«Зорлық-зомбылықсыз өмір» тақырыбында семинар өткізілді.
11
ноябрь
2021
«Зорлық-зомбылықсыз өмір» тақырыбында семинар өткізілді.
№178 мамандандырылған лицеймен №29 қалалық емханасының «Жастар денсаулық орталығының» психологтары бірлесіп 9-11 сыныптар арасында мәжіліс залында «Зорлық-зомбылықсыз өмір» тақырыбында семинар өткізілді. №29 қалалық емханасының "Жастар денсаулық орталығының" психологтары Беспаева Айнаш Нұрзадақызы "Алғыс айту парызым" жаттығуын жүргізді. Семинарда жүргізілген тренинг бойынша оқушылар кері байланыс жасап, өз пікірлерін білдірді.