"Мектеп ауласының оазисі" атты қалалық байқауы өткізілді.
"Алматы - біздің ортақ үйіміз" қалалық тазалық науқаны аясында "Мектеп ауласының оазисі" атты қалалық байқауы өткізілді. Бұл шараға лицей ұжымы, оқушылар мен ата-аналар да белсене қатысты. Нәтижесінде, лицей ауласының оазисі ҮЗДІК деп танылып, I орынға ие болды. Бұл - ұстаз, ата-ана мен оқушы одағының жетістігі. Белсене атсалысқандарыңызға алғыс білдіреміз! Лицейіміз көркейіп, жетістіктеріміз арта берсін!