"Қазақстан халықтарының бірлігі күні" тақырыбында 7-11 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Коммунальное
государственное учреждение
"Специализированный лицей №178"
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Версия для
слабовидящих
» » "Қазақстан халықтарының бірлігі күні" тақырыбында 7-11 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді
30
апрель
2024

"Қазақстан халықтарының бірлігі күні" тақырыбында 7-11 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді

     1-мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Бұл мереке 1995 жылдың 18 қазанында ҚР президентінің жарлығы бойынша "Қазақстан халықтарының бірлігі күні" деп жарияланып, 1996 жылдан бері жыл сайын тойланып келеді. Бүгін де бауырмалдық, татулық секілді адамгершілік  қаситеттерді дарыту мақсатында мерекеге орай "Қазақстан халықтарының бірлігі күні"  тақырыбында  7-11 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді. 
     «Бірлік болмай, тірлік болмас» деген қағиданы ұстанған ел үшін бұл мерекенің орны ерекше. Сондықтан да жыл сайын атаулы мерекеге Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Бір шаңырақ астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі, еліміздегі ұлтаралық татулық, ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: