Қысқы ақылы ЕНТ
ЕНТ 2019 жылдан бастап жылына 4 рет: қаңтар, наурыз, маусым, тамыз айларында өткізіледі. Қаңтардағы, наурыздағы және тамыздағы ЕНТ-ға қатысқан талапкерлерге ЖОО-ның ақылы бөлімдеріне ғана түсу құқығы беріледі. Тест ақылы негізде болады. 3 тестілеудің нәтижесі бойынша сертификат беріледі, бірақ ол грант алуға жарамайды. Егер, талапкер мемлекеттік грант иегері атанғысы келсе, міндетті түрде маусымда ЕНТ тапсырады. Осының нәтижесі бойынша жоғары балл жинаған жағдайда ғана бюджет есебінен білім