26
апрель
2024
Озық ойлы шәкірттеріміз SDU университетінің 4 жылдық грантының иегері
SDU университетінде SPT 2024 олимпиадасы өтті. SPT олимпиадасы - SDU университетінің төл туындысы. Мектеп бітіруші талапкерлерге грант пен жеңілдік ұсынатын республикалық олимпиадаға биыл республиканың әр аймағынан 8100 талапкер қатысты.
SPT олимпиадаға N178 мамандандырылған лицейдің 11-сынып оқушылары қатысып, “математика-физика” кластері бойынша Мырзабекова Марал Ержанқызы, “математика-география” кластері бойынша Нұрланова Даяна Маратқызы SDU University 100% грант иесі атанды. Грантқа қол жеткізген озық ойлы шәкірттерімізді шын жүректен құттықтаймыз!