Лицейдің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы бақылау жұмысын жүргізді
«№178 мамандандырылған лицей» КММ-де 2023 жылдың 14 ақпанында тамақтандыру сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия кезекті тексеру жұмыстарын жүргізді.
Мониторинг барысында, ас блогындағы, асханадағы жұмыстың ұйымдастырылуы, тамақ өнімдерінің сапасы, оларды тасымалдау, сақтау шарттары, тамақ дайындау сапасы, тамақтың балалардың негізгі тағамдық заттарға физиологиялық қажеттіліктеріне сәйкестігі, ас блогы қызметкерлерінің жеке гигиеналық ережелерін сақтауы бойынша тексеріс жасалды.
Күнделікті ас мәзірі бекітілген. Ас мәзірі бойынша барлық тағамдар қамтылған. Қауіпсіздік техника ережелері сақталған. Асханадағы санитарлық жағдай ойдағыдай. Тамақ өнімдерінің сапасы талапқа сай. Комиссия мүшелері асхана қызметіне, тамақ сапасына жақсы баға берді.