23
январь
2024
«Дұрыс тамақтануды насихаттау» тақырыбында түсіндірме жұмысы жүргізілді.
2023-2024 оқу жылында білім алушыларды тамақтандыру жұмысын ұйымдастыру барысында атқарылатын іс-шаралар жоспарының «Дұрыс тамақтануды насихаттау» бөліміне сәйкес 23.01.2024 жылы №178 мамандандырылған лицейде 7-Д сынып жетекшісі Усентаева Б.А. оқушылармен тәрбие сағатын өткізді. Сабақтың мақсаты: дұрыс тамақтану,уақытылы тамақтану туралы түсінік қалыптастыру, оқушылардың ой-өрісін дамыту, салауатты өмір салтын ұстануды дәріптеу. Білім алушылар дұрыс тамақтанудың пайдасы туралы өз пікірлерімен бөлісті. Бір-бірлерін тыңдай отырып, денсаулық құндылығы,дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейтті.