Лицейдің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы бақылау жұмысын жүргізді » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Лицейдің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы бақылау жұмысын жүргізді
27
октябрь
2023

Лицейдің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы бақылау жұмысын жүргізді

 «№178 мамандандырылған лицей» КММ-де жаңа оқу жылы барысында, мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия мүшелері  кезекті тексеру жұмыстарын қазан айының 27-і күні жүргізді.
Мониторинг тексеруі кезінде, ас блогындағы, асханадағы жұмыстың ұйымдастырылуы, тамақ өнімдерінің сапасы, оларды тасымалдау, сақтау шарттары, тамақ дайындау сапасы, тамақтың балалардың негізгі тағамдық заттарға физиологиялық қажеттіліктеріне сәйкестігі, ас блогы қызметкерлерінің жеке гигиеналық ережелерін сақтауы бойынша тексеріс жасалды. 
Күнделікті ас мәзірі бекітілген. Ас мәзірі бойынша барлық тағамдар қамтылған. Қауіпсіздік техника ережелері сақталған. Асханадағы санитарлық жағдай ойдағыдай. Тамақ өнімдерінің сапасы талапқа сай. Комиссия мүшелері асхана қызметіне, тамақ сапасына жақсы баға берді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: