Фастфуд тағамдарының зияны » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
январь
2023

Фастфуд тағамдарының зияны

  24.01 күні лицейіміздің 9-10 сыныптарында   Фастфуд өнімдерінің зияны туралы сынып сағаттары өткізілді. Сабақтың мақсаты: оқушыларды дұрыс тамақтануға шақыру, зиянды тамақтардан аулақ болу.  «Fast food» деген сөз, ағылшын тілінен аударғанда «жылдам тамақ» дегенді білдіреді. Бұл өнімдердің тұтынушылары миллионнан асады. Фастфуд – ыңғайлы, жылдам және арзан болғанына қарамастан, оның бір кемшілігі бар – ол денсаулыққа зиянды. Қазақстанда үй тағамының орнына, гамбургер мен фри картобын таңдайтын адамдардың саны көбейіп келеді. Оның адам ағзасына тигізетін кері әсері: Ең басты кемшіліктерінің бірі – калорияның көп болуы. Ол семіздікке әкелетін басты себеп. Құрамындағы транс-майларын, «өлтіруші-майлар» деп атайды. Ол Альцгеймер ауруы, инфаркт және қатерлі ісікке әкеліп соғады. Бұл тағамдарға натрий (тұз) көп мөлшерде қосылады.  Фаст-фуд өнімдерінде пайдалы компоненттер өте аз, оны жиі жейтін адамда витамин жетіспеушілігі болады. Оны шамадан тыс тұтыну, бүйрек және ас қорыту жүйесіне зақым келтіреді. Консервант – ең зиянды қоспалардың қатарына жатады.  Зерттеуге сәйкес, фастфудты көп жейтін балалар астма ауруынан жиі зардап шегеді. Сондай-ақ, олар тері ауруларына бейім болады екен.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: