Ата-аналарға » Страница 45 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
Әл-Фараби атындағы ҚҰУ жүргізген OnLine конференция
10
февраль
2020
Әл-Фараби атындағы ҚҰУ жүргізген OnLine конференция
№178 лицей 11-сынып оқушылары әл-Фараби атындағы ҚҰУ жүргізген OnLine конференцияға қатысты. Наурыз айында болатын ҰБТ-ның өту тәртібі жайлы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кезекті ақылы тестің өткізілу барысында оқушылар өз мүмкіндіктерін сынай алады. Оқушылар конференция барысында түрлі сұрақтар қойылып, көкейкесті жауаптарын алды.  Мектеп бітірушілерге  бейіндік пәндерді дұрыс таңдауы, мамандық таңдаудың дұрыс кілті екені баса айтылды. 
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай  лицейішілік сайыс өткізілді
09
февраль
2020
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай лицейішілік сайыс
   Қазақтың ақиық, мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Поэзия! Меніменен егіз бе едің?!» тақырыбында 8 сыныптар арасында лицейішілік сайыс өткізілді. Сайысқа 7  сынып қатысып, өз бақтарын сынады. Оқушылар Мұқағалидың өлеңдерін тереңдете оқып,  жатқа айтып, өз шеберліктерін шыңдады.    Сонымен сайыста  жеңімпаз және жүлделі орындарға ие болған сыныптар:     Бас жүлде –  8 «Е» сыныбы    І орын – 8 «Г» сыныбы     ІІ орын – 8 «Ж» сыныбы     ІІІ орын –  8 «Ә» және 8 «Ғ» сыныбы.   
«Қыс қызығы» тақырыбында өткен лицейішілік көрменің жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды
07
февраль
2020
«Қыс қызығы» тақырыбында өткен лицейішілік көрменің жеңімпаздары мен
   «Қыс қызығы» тақырыбында өткен лицейішілік көрмеде жеңімпаз және жүлдегер болған 5 «Б» сыныбының оқушылары марапатталды. Сурет көрмесіне қатысып, өз шеберліктерін шыңдағаны үшін оқушыларымызға және 5 «Б» сыныбының жетекшісі Каирбаева Майра Ануархановнаға өз алғысымызды білдіреміз.
Лицейіміздің оқушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған сайыста ІІ орын иегері атанды
04
февраль
2020
Лицейіміздің оқушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай
   11 «А» сыныбының оқушысы Әбдірәсіл Заңғар Абай Құнанбайұлының мерейтойына орай ұйымдастырылған сайыста үздіктер қатарынан көрініп, ІІ орын иегері атанды.     Жетекшісі: лицейдің кітапхана  меңгерушісі Жунисбекова Гүлшира.     Оқушымыз бен жетекшімізді жеңістерімен құттықтап, лицей абыройын асқақтатқаны үшін өз алғыстарымызды білдіреміз.
«Жанымда жүр жақсы адам» тақырыбында тренинг жүргізілді
04
февраль
2020
«Жанымда жүр жақсы адам» тақырыбында тренинг жүргізілді
   2020 жылдың 4 ақпаны күні лицей психологы Ж.А Агажанова 6 сынып оқушыларымен «Жанымда жүр жақсы адам» тақырыбында тренинг жүргізді.     Мақсаты: Оқушылардың бір–біріне деген адамгершілік, мейірімділік қасиеттерін қалыптастыра отырып, бойларына жылулық ұялату.     Тренинг соңында оқушылармен кері байланыс жасалынды. Оқушылар тренингтен  алған жағымды әсерлерімен бөлісіп, рақметтерін айтып, өз ризашылықтарын білдірді.  
Наурыз айындағы ҰБТ-ға түсініктеме жұмыстары
03
февраль
2020
Наурыз айындағы ҰБТ-ға түсініктеме жұмыстары
04.02.2020 күні №178 лицейдің 11- сынып оқушыларына  наурыз айында ҰБТ тапсырам деушілер үшін түсініктеме жұмыстары жүргізілді.  Наурыз айындағы ҰБТ тапсырушылар үшін тіркелу басталды. Тіркелу 1- ақпаннан бастап 15- ақпанға дейін жүргізіледі.  2019 жылдан бастап жоғары оқу орнына ақылы негізде түсу үшін ҰБТ жылына 4 рет (қаңтар; наурыз; маусым-шілде; тамыз айларында) ҰБТ тапсыра алады.  Грант конкурсына түсу үшін тек қана маусым айында тапсырған ҰБТ сертификатымен ғана грантқа түсе алады.  
Аудандық стритбол лигасы
02
февраль
2020
Аудандық стритбол лигасы
Лицейіміздің оқушылары 7-8 сыныптар арасында өткен аудандық стритбол лигасында І орын жеңіп алды.   Жетекшісі: дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Еркебұлан Базарбаев.  Жеңістеріңіз құтты болсын!
"Алтын белгі" үміткерлеріне Алатау аудандық бақылау жұмысы
31
январь
2020
"Алтын белгі" үміткерлеріне Алатау аудандық бақылау жұмысы
№178 лицейде Білім алушыларды қорытынды  аттестаттау - тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сай, олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында Алатау ауданындағы мектептердің "Алтын белгі" үміткерлеріне алгебра және анализ бастамалары пәнінен бақылау жұмысы жүргізілді.  
Лицейіміздің 5 «Ә» сыныбының оқушылары «Кім тапқыр» сайысынан ІІІ орын жеңіп алды
30
январь
2020
Лицейіміздің 5 «Ә» сыныбының оқушылары «Кім тапқыр» сайысынан ІІІ
   Алатау ауданына қарасты №179 жалпы білім беретін мектебінде  «Кім тапқыр» тақырыбында  интелектуалдық сайыс өтті. Осы сайысқа қатысқан 5 «Ә» сыныбының оқушылары «Ел жастары» клубы атынан шығып,  ІІІ орын жеңіп алды.     Тағы бір жүлдеміз құтты болсын!     Алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз.