Ақпарат » Страница 17 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мамандандырылған білім беру мекемелеріне 2024-2025 оқу жылына 5 және 7-сыныптарға оқушыларды қабылдау басталды
01
февраль
2024
Мамандандырылған білім беру мекемелеріне 2024-2025 оқу жылына 5 және
     Республикамыздағы үздік білім беру ұйымдарының бірі - №178 мамандандырылған  лицейге 2024-2025 оқу жылына 5 және 7-сыныптарға оқушыларды қабылдау басталды.  Тіркелу уақыты: 1 ақпан - 15 сәуір 2024 жыл Онлайн тіркелу: www.qabyldau.daryn.kz Байланыс телефоны: +7 (727) 392 54 42;  +7 (701) 822 90 13 Мекен-жайы: Алматы қаласы, Алатау ауданы, Ақбұлақ ы/а, Суаткөл көшесі, 41 Электронды пошта: liсei_178@mail.ru Instagram: 178.liсei_alatauaudany
"ОТАНЫМ – БАҚ МЕКЕНІМ" ПАТРИОТТЫҚ ӘНДЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
31
январь
2024
"ОТАНЫМ – БАҚ МЕКЕНІМ" ПАТРИОТТЫҚ ӘНДЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
    31.01.2024 жылы "ЖасStar" лицей парламентінің ұйымдастыруымен №178 мамандандырылған лицейдің 7-8 сынып оқушылары арасында "Отаным – бақ мекенім" патриоттық әндер байқауы өтті. Үздік орындаушыны анықтауда әншінің туындыны жеткізуі, сахналық образы мен әнді сүйемелдеуіне ерекше мән берілді. Сонымен қатар, бүгінгі байқау лицейімізде өнерлі оқушылар көп екенін көрсетті.       Байқау қорытындысы бойынша, Бас жүлдені 7 "Ә" сынып оқушысы Қалдарбек Айкөркем, 1-орынды Төлеуғазы Ералы, 2-орынды 7"Ғ"
Лицей оқушыларының қатысуымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні шырқалды
30
январь
2024
Лицей оқушыларының қатысуымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік
     Алматы қаласы Білім басқармасының қолдауымен «Бес күн – бес іс-шара» жобасы аясында әр дүйсенбі «Патриоттық күн» болып бекітілді. Жоба аясында лицей оқушыларының қатысуымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні шырқалды. Мақсаты: оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту және рухани мәдениеттілікке үйрету.  #1КҮН #ӘНҰРАНШЫРҚАЛСЫН #СӘЛЕМДЕСУ
Үздік өнер көрсеткен үшін 8 "Ж" сынып оқушысы Төлеуғазы Ералы дипломмен марапатталды
29
январь
2024
Үздік өнер көрсеткен үшін 8 "Ж" сынып оқушысы Төлеуғазы Ералы
     "IQ STAR 2024" VIII Республикалық балалар мен жасөспірімдер арасында өткен өнер байқауында "Вокал" номинациясы бойынша үздік өнер көрсеткен үшін 8 "Ж" сынып оқушысы Төлеуғазы Ералы дипломмен марапатталды.
Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасы  онкүндігінің жабылуына арналған сыныптан тыс іс-шара өтті
29
январь
2024
Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасы онкүндігінің жабылуына
     №178 мамандандырылған лицейдің қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасы онкүндігінің жабылуына арналған сыныптан тыс іс-шараны орыс тілі пәні мұғалімі Шегалиева Л., ағылшын тілі пәні мұғалімі Ауельбекова А., тарих пәні мұғалімі Темирова Г. өткізді. Онкүндіктіктің қорытындысы жасалып, оқушылар өз өнерлерін көрсетті.
10-сынып оқушыларымен «Қазақстанның мұражайлары. Искусство и литература. Creative arts Music and film» тақырыбында кіріктірілген ашық сабақ өтті
26
январь
2024
10-сынып оқушыларымен «Қазақстанның мұражайлары. Искусство и
     №178 мамандандырылған лицейдің қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасы  онкүндігі аясында  ағылшын тілі  пәні мұғалімі Алсаева А., орыс тілі пәні мұғалімі Битимбаева Ж., тарих пәні мұғалімі Даулетбаева Г. 10-сынып оқушыларымен «Қазақстанның мұражайлары. Искусство и литература. Creative arts Music and film» тақырыбында кіріктірілген ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында орыс тілінен В.Гаршиннің  шығармашылығына буктрейлер, Венн диаграммасы, "Словесный баскетбол", кейс-тапсырма, "Игра в
Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасы  онкүндігі аясында «Magic voice» ән байқауы
26
январь
2024
Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасы онкүндігі аясында «Magic
     №178 мамандандырылған лицейдің қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасы  онкүндігі аясында  ағылшын тілі мұғалімдері: Нусупалиева Д., Мамутова А., Жанат Ж., Ауельбекова А., Тулеубекова А. 8-сынып оқушыларымен  «Magic voice» ән байқауын өткізді. Оқушылар ағылшын тілінде танымал әндерді үлкен шығармашылықпен орындап, мадақтама және сыйлықтармен марапатталды. Сыныптан тыс іс-шара өз дәрежесінде өтті.  
"ЖІГІТ СҰЛТАНЫ" қалалық байқауында 9 "Ж" сынып оқушысы Әбдіманап Әлібек 2-орын иеленді
25
январь
2024
"ЖІГІТ СҰЛТАНЫ" қалалық байқауында 9 "Ж" сынып оқушысы Әбдіманап
     Алматы қаласы Білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары арасында өткен "ЖІГІТ СҰЛТАНЫ" қалалық байқауында 2-орын иеленгені үшін 9 "Ж" сынып оқушысы Әбдіманап Әлібек дипломмен марапатталды.
«Ұлттық мектеп лигасы» аясында тоғызқұмалақтан 9-11 сынып оқушылары арасында  аудандық іріктеу жарысында лицей командасы 2-орынды иеленді
25
январь
2024
«Ұлттық мектеп лигасы» аясында тоғызқұмалақтан 9-11 сынып оқушылары
     №204 ЖББ мектепте «Ұлттық мектеп лигасы» аясында тоғызқұмалақтан 9-11 сынып оқушылары арасында  аудандық іріктеу жарысы өтті. Жарысқа ауданның ең мықты деген  тоғызқұмалақшылары қатысып, тартысты ойын көрсетті. Жарыс барысында логикалық ойлау қабілеттері мен зейіні зерек оқушылар талас-тартысқа толы ұлттық ойынның  үлгісін көрсетті. Жарыс нәтижесі бойынша, 2-орынды №178 мамандандырылған лицейдің  оқушылары иеленді. Оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!
"Ұлттық мектеп лигасы" аясында тоғызқұмалақтан 7-8 сынып оқушылары арасында  аудандық іріктеу жарысы өтті
24
январь
2024
"Ұлттық мектеп лигасы" аясында тоғызқұмалақтан 7-8 сынып оқушылары
     №201 мектеп-гимназиясында "Ұлттық мектеп лигасы" аясында тоғызқұмалақтан 7-8 сынып оқушылары арасында  аудандық іріктеу жарысы өтті. Жарысқа ауданның ең мықты деген тоғызқұмалақшылары қатысып, тартысты ойын көрсетті. Жарыс барысында логикалық ойлау қабілеттері мен зейіні зерек оқушылар жақсы ойын көрсетті. Жарыстың нәтижесі бойынша, №178 мамандандырылған лицейдің оқушылары 1-орынды иеленді. Оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!!!