Анаммен бірге өсірген гүлдер » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
апрель
2020

Анаммен бірге өсірген гүлдер

Жер ананың қойнауы еріп, жер-көкке тіршілік кіргеннен адамзат баласы бақшаның қамына кірісіп, сонымен қатар бөлме гүлдеріне де аса мән беріп, оларды жаңартады. Әсем гүлдер үйдің сәнін келтіріп қана қоймай, адам жанына жылылық ұялататын қасиетке ие. Гүл ерекше күтімді қажет етеді. Қарапайым үй жағдайында гүл өсіру үшін оның әдіс-тәсілдерін жақсы білген жөн.
– Мен бала күнімнен қырдың гүлдерін, даланың жұпар иістілерін жинайтынмын. Олардың тасты жарып шығатыны қызық болатын. Ес білгеннен кейін бөлме гүлдерімен әуестендім.
Ең әуелі өсімдіктер көп өсірілген жерде біз жақсы тыныс аламыз. Себебі олар өз бойларынан оттегі бөліп, қоршаған ортаның биоаумағын тазартады. Сонымен қатар үй ішіндегі әдемі өсімдіктер көңіл-күйіңізге оң әсерін береді. Кейбір адамдардың гүлдерге су құйған кезде олармен сөйлескенін байқаймыз. Сол секілді гүлдер адамдардың жақсы көргенін сезеді. Сіздің көңіл-күйіңізге қарап өсіп-жетіледі,- дейді биология пәні мұғалімі Нұртай Мөлдір.
Үйде өсетін гүлдерді өсіру, баптау қашақтықтан оқыту кезінде үйде отырған оқушыларымызға сергектік, қуат бере отырып денсаулығымызға оң әсері берері сөзсіз.

#Бізбіргеміз
#бізүйдеміз#


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: