Үйірме жұмыстары: «Мадина» би тобы » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
февраль
2020

Үйірме жұмыстары: «Мадина» би тобы

     №178 лицейде «Мадина» би үйірмесі жұмыс жасайды. Жетекшісі: Бекбаева Мадина Азимхновна. Би өнері балаларға денсаулықпен қатар, дене бітімінің жақсы жетілуіне көмек етеді, бос уақыттарын тиімді қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жүріс-тұрыстарын түзейді және өз-өздерін еркін ұстауға дағдыландырады. Әрине би үйірмесіне кіші топтан бастап келген дұрыс болады. Кіші топ бағдарламасы ұқыптылыққа, зейінділікке, шапшаңдыққа және би икемділігіне үйретеді. Алдағы уақытта жаңа билер қойылымымен жұмыс жасалуда және республика көлеміндегі сайысқа дайындық журуде. Жетекші жаңа технология мен әдістеме жұмыстарын жасауда. Лицей оқушылары би үйірмелеріне белсене қатысады. Рухани жаңғыру аясында IQ Star 2020 ІІ Халықаралық телевизиялық өнер сайысында жеке орындау (Соло) Гран-Приді 7-сынып оқушысы Бекен Айым, топтық биден 6-сынып оқушылары І орынды иеленді. Жыл сайын өтетін байқауларда «Мадина» би тобының нәтижесі жоғары.








Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: