«Birinshi Jastar Oiyndary» » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
сентябрь
2019

«Birinshi Jastar Oiyndary»

     

    2019 жылы 14 қыркүйек күні №178 лицей кешенінің спорт залында,  Әлеуметтік «Birinshi Jastar Oiyndary» жобасының негізінде Алатау ауданы бойынша жасөспірімдер арасында футзалдан іріктеу жарысы ұйымдастырылып өткізілді. Жалпы футзал жарысына Алатау аданының жалпы білім беру мектептерінен 15 команда қатысты. Атап айтсақ №26, №41, №149, №151, №152, №154, №156, №164, №169, №171, №178, №179, №181, №185, №196 мектептер арасындағы тартысты кездесулерден №171, №152, №178, №179 мектептер жартылай финалда ойындарын жалғастырып, №171 ЖББ мектебі III орын, №152 мектеп-гимназиясы II орын, №178 лицейдің ұлдар командасы I орынды иеленіп қалалық жарысқа жолдаманы ұтып алды. 
     Жарысқа төрешілік еткен №178 лицейдің дене шынықтыру мұғалімдері Есенбеков Мухит, Әпәпьяев Естай, Базарбаев Еркебұлан, Шыныбаев Қайсар, Молдахмет Нұрлан 
     2019 жылы 17-18 қыркүйек аралығында Түркісіб ауданындағы № 44 мектеп-гимназиясы мен Авиатор стадионында, Әлеуметтік «Birinshi Jastar Oiyndary» жобасы бойынша футзалдан өткен қалалық жарысқа №178 лицейдің ұлдар құрама командасы дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Есенбеков Мухит Абдрашитұлы мен Әнәпьяев Естай Мухтарұлының жетекшілігімен қатысып,  лицей оқушылары Саркыт Нуржан, Ариппаев Нұрлан, Абай Мағжан, Шопан Ақжүрек, Бахтияр Дінмұхамед, Қырықбаев Нұрсұлтан, Амреев Нурали, Азатұлы Қалқаман, Серғазы Диас, Бейілхан Самғат, Молдан Райымбек, Доғдырбай Нурболат I орын иеленіп, мектеп спорт федерациясының медальмен, мадақтамасымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталып, Республикалық Әлеуметтік «Birinshi Jastar Oiyndary»  жобасының ақтық кезеңіне жолдама алды.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: