«Мектеп ауласы оазисі» ландшафтты дизайн жобасы » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мектеп ауласы оазисі» ландшафтты дизайн жобасы
18
апрель
2024

«Мектеп ауласы оазисі» ландшафтты дизайн жобасы

     Көгілдір кеңістік! Сиқырлы әлем! Гүлдей жайнаған лицей ауласы, керемет ғажап дүние! Лицей ауласы білім мекемесінің – көрнекті келбеті. Келуші бір қарағанда лицейдің ауласына қарап алғашқы ойы қалыптасады. Тақырыптық және талғаммен көгалдандырылған лицей ауласы – білім беру ортасының бір бөлігі ғана емес, сонымен бірге демалыс пен шабыттандыратын орын. 
     Лицей аумағы жыл сайын жаңа өсімдік түрлерімен толығып отырады. Оқушылар мен мұғалімдер лицей аумағын абаттандыруда аянбай еңбек етуде. Ағаштар мен гүлдер әртүрлілігімен және әсемдігімен көзді қуантады, барлығына жағымды көңіл-күй сыйлайды.
     «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында «Мектеп ауласы оазисі» ландшафтты дизайн жобасында лицейіміздің ата-анасы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің докторанты, тарихшы Сейтказиев Руслан Өмірғазыұлы баршаңызды белсенділік танытуға шақырады. Науқанға атсалысыңыз, жасыл желекке оранған, әсем қаламызды, лицейімізді гүлдендіре беруге үлесімізді қосайық!
@kaldybekov_azamat
@akimat_alatau
@edu.almaty
@Карлыгаш Акмурзаева 
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: