Алматы қаласы Білім басқармасының мектеп директорлары қалалық Мәслихат депутаттарының алдында шетелде халықаралық тағылымдамадан өту туралы есеп берді » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алматы қаласы Білім басқармасының мектеп директорлары қалалық Мәслихат депутаттарының алдында шетелде халықаралық тағылымдамадан өту туралы есеп берді
05
апрель
2024

Алматы қаласы Білім басқармасының мектеп директорлары қалалық Мәслихат депутаттарының алдында шетелде халықаралық тағылымдамадан өту туралы есеп берді

     2024 жылғы 3-сәуірде Алматы қаласы Білім басқармасының мектеп директорлары қалалық Мәслихат депутаттарының алдында шетелде халықаралық тағылымдамадан өту туралы есеп берді. Қалалық мәслихат депутаттарының комиссия отырысында №178 мамандандырылған лицейдің директоры Қ.Х. Шадиев лицейде Финляндия, Эстония және Сингапур сынды елдердегі тәжірибені оқу үдерісіне енгізу жұмыстарымен таныстырды. Атап айтқанда, цифрлық трансформациялау, робототехника және STEM, ғылыми-танымдық білімге интеграциялау, сондай-ақ кәсіптік бағдар беру мәселелері бойынша тәжірибелерге баса назар аударды. Өз кезегінде халық қалаулылары атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, алда тұрған мақсат-міндеттерді бірлесе жүзеге асыруға дайын екендіктерін жеткізді. 

https://www.instagram.com/reel/C5X-wyZLxIj/?igsh=bGJrZmltMmRlNG1v​​​

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: