Ынтымақтастық келісім жасаған қаламыздағы университеттердің бірі бүгін лицейімізге арнайы келді » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ынтымақтастық келісім жасаған қаламыздағы университеттердің бірі бүгін лицейімізге арнайы келді
03
апрель
2024

Ынтымақтастық келісім жасаған қаламыздағы университеттердің бірі бүгін лицейімізге арнайы келді

      IT және ақпараттық технология мамандарын тереңдете дайындайтын қаламыздағы жоғары оқу орындарының бірі, Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университетінің кәсіби бағдар беру бойынша мамандары бүгін лицейімізге арнайы келіп, 10-11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Арнайы келген мамандар университет тынысы мен халықаралық және академиялық ұтқырлық жайында, ішкі және мемлекеттік гранттар жайында, практикалық орталықтары мен сенімді серіктестері жайлы т.б маңызды тақырыптарды кеңінен қамтыды. Сондай-ақ алдағы уақытта аталған университетке лицей оқушылары саяхат-сабағына бару мүмкіндігіне ие болды. Биылғы оқу жылында лицей әкімшілігі жасаған кезекті ынтымақтастық келісім меморандум өз жемісін беруде. Университет мамандары лицейіміздің ішкі атмосферасына қызығушылық танытып, жүрекжарды жылы лебіздерін білдірді. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: