«Daryn FIRST Championchip» роботтар фестивалінде топ жарып, Орталық Азия чемпионатына жолдама алды » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Daryn FIRST Championchip» роботтар фестивалінде топ жарып, Орталық Азия чемпионатына жолдама алды
10
январь
2024

«Daryn FIRST Championchip» роботтар фестивалінде топ жарып, Орталық Азия чемпионатына жолдама алды

   Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «USTEM Robotics» қоғамдық қорымен бірлесіп, 2024 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес 8-9 қаңтар аралығында мамандандырылған білім беру ұйымдарының оқушыларына Сулейман Демирель университеті базасында «Daryn FIRST Championchip» роботтар фестивалін өткізді. Фестивальда мамандандырылған білім беру ұйымдарынан қатысқан 400 оқушы қатарынан лицей оқушылары да қалыс қалмады. Екі күнге созылған роботтар фестивалінде 10 «Г» сынып оқушылары Мейрамбай Нұрасыл, Есенбай Жаныбек және 7 «А» сынып оқушысы Сапархан Бейбарыс «The Еchoes» командасы құрамында бақ сынады. Нәтижесінде, II орын иегері атанып, ақпан айында елордада өтетін Орталық Азия чемпионатына жолдама алды. 
Құттықтаймыз! Жеңіс шыңын бағындырар күндеріңіз көп болсын!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: