Лицей шәкірті Үмбет Әсел робототехникадағы керемет жетістіктерімен қуантты! » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Лицей шәкірті Үмбет Әсел робототехникадағы керемет жетістіктерімен қуантты!
09
январь
2024

Лицей шәкірті Үмбет Әсел робототехникадағы керемет жетістіктерімен қуантты!

     FIRST Tech Challenge робототехника бойынша ашық ойындар Индонезияның Депок қаласында өтті. Чемпионатқа Қазақстанның намысын қорғауға Алматы қаласынан «124» командасы аттанған болатын. Бірнеше мектептің 9-11 сынып оқушыларынан құрылған бұл командалардың құрамында 10 "В" сынып оқушысы Әсел Үмбет те қатысты. 
     Қазақстандық оқушылар Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен келген 150 жас робототехника жасаушылармен бірге бірнеше күн бойы өз жұмыстарымен бәсекеге түсті. Нәтижесіндекоманда қоржыны 7 жүлдемен толықты. Соның ішінде, "Control award" номинациясында 1-орынды, "Think Award" номинациясында 3-орынды, "Connect Award" номинациясында 3-орынды иеленді. 
     «Біз чемпионатқа робототехникаға жаңадан қосылған командаларымызды халықаралық командалармен тәжірибе алмасу үшін әкелдік. Соның өзінде біз Индонезия чемпионатына әлемдік кезеңге іріктелген мықты командалар қатысатынын білгенімізде таңқалдық. Бұл командалардың робототехникада 4-5 жылдық тәжірибесі бар әрі биыл ғана жарысқа қатысқан қазақстандық оқушылар олармен бір деңгейде бақ сынасты. Біздің оқушылар финалдық ойындарға дейін өтіп, төрешілерден жоғары баға алған кезде қатты қуандық», – деді бапкер Бекзат Аманов.
      Индонезияда өткен өре бәйгесіне жолдаманы Қазақстаннан барған оқушылар осы жылдың желтоқсан айында Оқу-ағарту министрлігінің және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өткен «Almaty Tech Cup» республикалық турнирінде олжалады.
     Жүлдегерлерді құттықтаймыз, жаңа жеңістер тілейміз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: